5
Жұмысқа дайындық
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі абайсыздан қосылу себебінен!
▶ Аккумуляторды орнату алдында оған қатысты өнімнің өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында аккумуляторды
шығарыңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
5.1
Аккумуляторды зарядтау
1. Зарядтау алдында зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз.
2. Аккумулятордағы және зарядтағыш құрылғыдағы контактілердің таза әрі құрғақ екендігіне көз
жеткізіңіз.
3. Аккумуляторды рұқсат етілген зарядтағыш құрылғы ішінде зарядтаңыз. → Бет 321
5.2
Аккумуляторды орнату
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі қысқа тұйықталудан немесе аккумулятордың құлауынан!
▶ Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және өнімдегі контактілерде бөгде
заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
▶ Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1. Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
2. Аккумуляторды өнімге шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
3. Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
5.3
Аккумуляторды шығару
1. Аккумулятордың құлыптан босату түймесін басыңыз.
2. Аккумуляторды өнімнен шығарыңыз.
5.4
Электр құралына арналған ұстағышты орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Жабық булықтардан туындайтын қауіп. Жабық булықтардың салдарынан электр құралы қатты қызып
кетеді, бұл күйік шалуға және электр құралының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
▶ Электр құралының булықтарын ешқашан жаппаңыз.
Hilti компаниясы бекітулі электр құралдары үшін әртүрлі ұстағыш ұсынады. Электр құралының пішініне
сәйкес келетін жарамды ұстағышты пайдаланыңыз.
Ұстағыштың қызмет көрсету бойынша нұсқаулығын оқыңыз!
1. Қара таспаны электр құралының қара тұтқасына ораңыз.
▶ Қажет болса, электр құралының басқару кілтін бұғаттамау үшін аралықты сақтау құралын
пайдаланыңыз.
2. Белдіктің ілгегін ұстағыштың ілмегіне іліп, белдікті қатайтыңыз.
3. Содан кейін белдіктің бос ұшын тартылған белдіктің айналасына ораңыз, бұл белдік ұшының жұмыс
барысында кедергі келтірмеуіне мүмкіндік береді.
4. Қызыл белдікті электр құралының қызыл қозғалтқыш корпусына ораңыз.
5. Белдіктің ілгегін ұстағыштың ілмегіне іліп, белдікті қатайтыңыз.
6. Содан кейін белдіктің бос ұшын тартылған белдіктің айналасына ораңыз, бұл белдік ұшының жұмыс
барысында кедергі келтірмеуіне немесе енгізілмелі құралға түсіп, шырмалып қалмауына мүмкіндік
береді.
324
Қазақ
2375781
*2375781*