Descargar Imprimir esta página

Metabo SML 30 Manual Original página 50

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 19
Қауіпті электрлік кернеу
туралы ескерту!
Ақаулы литий-иондық
аккумуляторлардан сәл
қышқылды, жанғыш
сұйықтық шығуы мүмкін!
Аккумулятор сұйықтығы шығып,
теріге тиген жағдайда, оны
дереу судың жеткілікті
мөлшерімен шайып шығыңыз.
Аккумулятор сұйықтығы көзге
тиген жағдайда, оны таза сумен
жуып шығыңыз да, дереу
медициналық жәрдемге
жүгініңіз!
Толық зарядталған
аккумуляторды қайтадан
зарядтамаңыз!
Тек іште пайдалануға
арналған.
Зарядтағыш құрылғыны
ылғалдан қорғаңыз!
Ешқашан балаларға құрылғыны
пайдалануға рұқсат бермеңіз.
Балалардың құрылғымен
ойнамауына көз жеткізу үшін,
оларды қадағалап отыру керек.
Балаларды зарядтағыш
құрылғыдан немесе жұмыс
аймағынан алшақ ұстаңыз!
Зарядтағыш құрылғыны
балалар үшін қолжетімді
болмайтындай етіп сақтаңыз!
Зарядтағыш құрылғыда түтін
немесе өрт туындаған жағдайда
дереу желілік ашаны суырып
қойыңыз!
Зарядтағыш құрылғының
желдету саңылауына ешқандай
бөгде заттарды салмаңыз - ток
50
соғу немесе қысқа тұйықталу
қаупі бар!
Ақаулы аккумуляторларды
пайдаланбаңыз!
Металл шаңының жүктемесі
үлкен аймақтарда
аккумуляторларды AIR COOLED
зарядтағыш құрылғыларымен
зарядтамаңыз.
5. Шолу
2-бетті қараңыз. Суреттер барлық құрылғылар
үшін мысал ретінде берілген.
1 Аккумулятор (жеткізілім жиынтығына
кірмейді)
2 Жылжымалы тірек
3 Жұмыс индикаторы
4 Ескерту индикаторы
6. Қолданысқа енгізу
Қолданысқа енгізу алдында фирмалық
тақтайшада көрсетілген номиналды
кернеу мен номиналды жиілік ток
желіңіздің деректеріне сәйкес
келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Тұрақты ток шығаратын осындай құрылғылар
қарапайым дифференциалды токтың
автоматты ажыратқышына әсер етуі мүмкін.
Ажырату тогы ең көбі 30 мА шамасындағы F
немесе жоғарырақ санатты пайдаланыңыз.
Зарядтағыш құрылғыны қолданысқа
енгізу алдында желдету
саңылауларының бос екендігіне көз
жеткізіңіз. Басқа бөгде заттардан
минималды арақашықтық кем дегенде 5 см
құрайды!
6.1
Өзіндік диагностика
Желілік ашаны салыңыз.
Ескерту индикаторы (4) және жұмыс
индикаторы (3) шамамен 1 секунд ішінде
кезектесіп жанып тұрады, кіріктірілген
желдеткіш шамамен 5 секунд ішінде жұмыс
істейді.
7. Пайдалану
7.1
Аккумуляторды зарядтау
Аккумуляторды жылжымалы тірекке (2)
толықтай, тірелгенше жылжытыңыз.
Жұмыс индикаторы (3) жыпылықтайды.
Нұсқау: литий-иондық аккумулятордың заряд
деңгейін тексеру үшін, алдымен аккумуляторды
50
ҚАЗАҚША kk

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Sml 50