Descargar Imprimir esta página

Bosch 0 601 9K8 000 Manual Original página 127

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 24
Сорғыш шлангіні (Ø 35 мм) (15) (керек-жарақ)
монтаждаған адаптерге (3) енгізіңіз. Сорғыш
шлангіні (15) шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз.
Осы нұсқаулықтың соңында әртүрлі шаңсорғыштарға
жалғау әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Тереңдік шектегішін реттеу
(D суретін қараңыз)
Кесік тереңдігін реттеу әрекетін тек электр
u
құралының өшірулі күйінде орындауға болады.
Тереңдік шектегішін реттеу үшін келесідей әрекет етіңіз:
– Тереңдік шектегішін (2) өңделетін дайындамаға
қойыңыз.
– Тереңдік шектегішін (2) реттеу үшін бекіткіш
бұранданы (9) босатыңыз.
– Тереңдік шектегішін (2) қажетті орынға жылжытып,
бекіткіш бұранданы (9) бұрап бекітіңіз.
– Жұмысты бастамас бұрын алмалы-салмалы аспап
қатты бетке тимеуі үшін, дайындама артында жеткілікті
бос орынның бар болғанына көз жеткізіңіз.
Іске қосу
Қосу/өшіру
Қосу алдында кесік тереңдігін реттеп шығыңыз.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (5) басып
тұрыңыз.
Өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Алмалы-салмалы аспаптарды соқтығысудан және
u
соққыдан қорғаңыз.
Электр құралын қалыңдығы 32 мм шамасынан аспайтын
материалды кесу үшін пайдалануға болады.
Әр пішіндегі кесіктерді электр құралының жұмыс күйінде
алдын ала бұрғылаусыз алмалы-салмалы аспапты тесу
арқылы жасауға болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Bosch Power Tools
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
Қазақ | 127
1 609 92A 8A2 | (02.09.2022)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gcu 18v-30