Масканы қолдану
1. CPAP түтігін (CPAP құрылғысымен бірге берілген) шүмектегі түтікті тез
босату тетігіне жалғаңыз.
2. Терапия құралын қосыңыз. Жатыңыз. Қалыпты
дем алыңыз.
3. Әртүрлі ұйықтау позицияларын көріңіз.
Ыңғайлы болғанша қозғала беріңіз.
Шамадан тыс ауа жылыстауы бар болса,
соңғы реттеулерді орындаңыз. Ауаның біраз
жылыстауы қалыпты.
Түтікті тез босату тетігі
Шүмек түтікті тез босату механизмімен
жабдықталған. Түтікті тез босату механизмін
тартыңыз, ол шүмектен ажыратылып, түтікті
босатады.
Масканы шешу
Жасалған реттеулерді сақтау үшін, жастықшаны ұстап, мұрыннан алға қарай
тарту арқылы масканы шешіңіз. Содан кейін жастықшаны және масканы
басыңыздан тартып шешіңіз.
5. Маскаға күтім жасау
Тазалау нұсқаулары
Күнделікті: Матадан жасалмаған бөлшектерін қолмен жуып тұрыңыз.
Апта сайын: Матадан жасалған бөлшектерін қолмен жуып тұрыңыз.
1. Маска құрамдастарын бөлектеңіз (Бөлшектеу бөлімін қараңыз).
2. Масканы ыдыс жууға арналған сұйық құралмен жылы суға батырып,
қолмен жуыңыз.
Ескертпе: Маска бөлшектерін суға батырған кезде, оның ішінде ауа
қаптарының жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
3. Мұқият шайыңыз.
4. Мұрындықтарды және матадан жасалған қамыттарды тегіс жайыңыз немесе
ашық ауада кептіріңіз. Қолданар алдында масканың құрғақтығын тексеріңіз.
Ескертпе: Киім кептіруге арналған құрылғыға матадан жасалған
бөлшектерді салмаңыз.
Абайлаңыз: Бұл нұсқаулардан ауытқу өнімнің жұмысына әсер етуі мүмкін.
Абайлаңыз: Ағартатын ерітінділерді, спиртті, құрамында ағартатын заты
немесе спирті бар тазалайтын ерітінділерді немесе құрамында
ылғалдатқышы бар ерітінділерді қолданбаңыз.
296