Ыдыс жуатын машинада жуу нұсқаулары
Қолмен жуумен қатар, масканы ыдыс жуғыш машинасында аптасына бір рет
жууға болады.
Абайлаңыз: Жұмсақ сұйық ыдыс жуу затын тек масканы жуу үшін ғана
пайдаланыңыз.
1. Матадан жасалған бөлшектерді алыңыз. Матадан жасалған бөлшектерді
ыдыс жуатын машинада жумаңыз.
2. Ыдыс жуатын машинаның жоғарғы тартпасында жуыңыз.
Ескертпе: Ыдыс жуатын машинадағы құрғату циклін пайдаланбаңыз.
3. Ашық ауада кептіріңіз. Қолданар алдында масканың кепкенін тексеріңіз.
Абайлаңыз: Ағартатын ерітінділерді, спиртті, құрамында ағартатын заты
немесе спирті бар тазалайтын ерітінділерді немесе құрамында
ылғалдатқышы бар ерітінділерді қолданбаңыз.
6 Жинау және бөлшектеу
Жинау
:
Кеңес
Жастықша мен жақтаудағы
үшбұрыштарды дұрыс жинау үшін
туралаңыз.
1. Жастықша: Жастықша орнына "сырт" етіп
түскенше, маска жақтауын басыңыз.
Ескертпе: Жастықшаның шеті және
маска жақтауындағы саңылау "D" тәрізді.
Жастықшаның шеті жақтауға сәйкес келуі
тиіс.
2. Шүмек: Маска жақтауының жоғарғы
жағына енгізіңіз.
3. Түтікті тез босату тетігі: Түтікті тез босату
тетігін орнына "сырт" етіп түскенше,
шүмекке қарай итеріңіз.
4. Матадан жасалған қамыттар: Маска
жақтауының айналасын қамыттармен
орап, таспамен бірге басыңыз.
Ескертпе: Қамыттың тігістері жақтаудың
сыртында болуы тиіс.
5. Мұрындық: Ілмектерді маска
жақтауындағы саңылаулардың ішіне
салып, кері бағытта бүгіңіз.
9
9
10
10
297