Жұмыс Уақытында - Stihl RL 540 Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para RL 540:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 105
Құрылғыны пайдаланар алдында
ақауларды жойып, барлық тозған жəне
зақым келген бөлшектерді алмастыру
керек. Құрылғыдағы анық емес немесе
зақымдалған қауіп жəне ескерту
белгілерін жаңартыңыз. STIHL
делдалыңызда қосалқы жапсырмалар
мен барлық басқа қосалқы бөліктер бар.
Тек қолданысқа жарамды күйдегі
құрылғыны қолданыңыз. Сондықтан
жұмысты бастау алдында
төмендегілерді тексеру керек:
– құрылғының дұрыс орнатылғанын,
– аэратор блогы (кесетін десте, пышақ,
аралық қабаттар мен бұрандалар)
мінсіз күйде екендігін – əсіресе берік
орнатылғандығын, зақымдар
(жарықтар, сызаттар) мен тозудың
бар-жоғын тексеріңіз,
– сақтандырғыш құрылғылар
(мысалы, резеңке жиекпен
лақтырманың қақпағы, корпус, бас
тұтқа, қозғалтқышты тоқтату тұтқасы)
мінсіз күйде екенін жəне тиісінше
қызмет ететінін,
– шөп жинағышта (керек-жарақ –
жеткізілім жинағына кірмейді)
зақымдалған жерлердің бар-жоғын
жəне дұрыс орнатылғандығын –
зақымдалған шөп жинағышты
қолдануға болмайды.
Қажет болса, барлық қажетті
жұмыстарды орындаңыз немесе
делдалға хабарласыңыз. STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
506
4.6 Жұмыс уақытында
Жануарлар немесе құстар,
əсіресе балалар қауіпті
аумақта болғанда, ешбір
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Құрылғыға орнатылған ауыстырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды. Əсіресе,
қозғалтқышты тоқтату тұтқасын бас
тұтқаға бекітуге тыйым салынады
(мысалы, байлау арқылы).
Тұтқасы тиісті тұрпатта монтаждалуға
тиіс, құрылымына еш өзгеріс енгізуге
болмайды. Тұтқасы жиналып қойылған
көгалшапқышты ешқашан
қолданбаңыз.
Ешбір жағдайда заттарды меңгерікке
қыстырмаңыз (мысалы, жұмыс киімін).
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
жəне əсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дəрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Бұйымды жаңбырдың астына
қалдырмаңыз.
Пайдаланылып болған газ:
Улану арқылы өлім қауіп-қатері
бар!
Жүрегіңіз айныған, бас ауырған,
көру қабілетіңіз нашарлаған
(мысалы, көру ауқымы азайса),
есту қабілетіңіз нашарласа,
басыңыз айналса, зейін қою
қабілеті төмендесе, жұмысты
дереу тоқтатыңыз. Бұл
симптомдар жанатын өнімдердің
жоғары мөлшеріне байланысты
болуы мүмкін.
Қозғалтқыш əзірше істеп
тұрғанша құрылғы
пайдаланылып болған газды
шығарады. Бұл газдардың
құрамында улы көміртегінің қос тетігі,
түссіз жəне иіссіз газ, жəне басқа да
зиянды заттар бар. Қозғалтқышты
жабық жəне нашар желдетілетін үй-
жайларда ешқашан да қосуға
болмайды.
Іске қосу:
Құрылғыны абайлап іске қосыңыз –
«Құрылғыны іске қосу» (
бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.
Аталған нұсқауларға сай іске қосу
жарақат алу қаупін азайтады.
Жарақат алу қаупі бар!
Стартер арқаны жылдам кері секіріп
кеткенде, білезік пен қол стартер
арқанының босатылуынан жылдамырақ
іштен жанатын қозғалтқыш ішіне
тартылып қалады. Мұндай кері соғу
сүйек сынығына, қысылуға жəне буын
шығуға апарып соғуы мүмкін.
Іске қосу кезінде аяқтарыңыз
пышақтардан жеткілікті қашықтықта
болғанына көз жеткізіңіз.
0478 670 9907 B - KK
10.1)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido