Техникалық Қызмет Көрсету Жəне Жөндеу - Stihl RL 540 Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para RL 540:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 105
– аэраторды қалдырудың алдында
немесе құрылғы қараусыз қалғанда,
– толтыру алдында. Іштен жанатын
қозғалтқыш суығанда ғана жанармай
құйыңыз. Өрт қаупі бар!
Төмендегі жағдайларда іштен
жанатын қозғалтқышты
тоқтатыңыз, аэратор блогын
тасымалдау күйіне
орнатыңыз жəне от алдыру білтесі
сымының штекерін суырып алыңыз:
– бас тұтқаны жинамас бұрын,
– құрылғыны көтеру немесе
тасымалдау алдында.
Төмендегі жағдайларда іштен
жанатын қозғалтқышты
өшіріп, от алдыру білтесі
сымының штекерін суырып
алыңыз жəне пышақ толықтай
тоқтағанына көз жеткізіңіз:
– құрылғыны тексеру, тазалау немесе
онда жұмыстар орындау алдында,
– бұғатталған аэратор блогын босату
немесе лақтырманың науасындағы
қоқыстарды кетіру алдында,
– бөгде заттармен қақтығыс
анықталған жағдайда. Құрылғыны
қайтадан іске қосу жəне құрылғымен
жұмыс істеу алдында құрылғыдағы
зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз
жəне қажетті жөндеу жұмыстарын
орындаңыз.
– құрылғы қалыпсыз түрде дірілдеген
жағдайда. Мұндай жағдайда дереу
тексеру қажет болады.
508
Ақаулы бөлшектерден жарақат
алу қаупі туындайды!
Қатты дірілдер əдетте
ақаулықтың белгісі болып
табылады.
Құрылғыны, əсіресе, аэратор
блогы (кесетін десте, пышақ,
аралық қабаттар жəне
бұрандалар) зақымдалған
немесе майысқан жағдайда
қолдануға болмайды.
Қалыпсыз діріл немесе бөгде заттармен
қақтығыс орын алған жағдайда,
құрылғыда, əсіресе, аэратор блогында
(кесетін десте, пышақ, аралық қабаттар
мен бұрандалар), корпус пен
лақтырманың қақпағында зақымдардың
жəне босаған бөліктердің бар-жоғын
тексеріңіз жəне құрылғыны қайта іске
қоспастан жəне қолданбастан бұрын
қажетті жөндеу жұмыстарын
орындаңыз. Қандай да кеңестер қажет
болған жағдайда, барлық қажетті
жұмыстарды кəсіпқой маманға
орындауға беріңіз – STIHL компаниясы
STIHL делдалдарын ұсынады.
4.7 Техникалық қызмет көрсету жəне
жөндеу
Тазалау, орнату, жөндеу жəне
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын бастамас бұрын:
● Құрылғыны берік, тегіс жерге
қойыңыз,
● Іштен жанатын қозғалтқышты
өшіріңіз жəне суытыңыз,
● От алдыру білтесі
сымының штекерін
шығарыңыз.
Назар аударыңыз – жарақат алу қаупі
бар!
От алдыру білтесі сымының штекерін от
алдыру білтесінен алшақ ұстаңыз,
себебі күтілмеген ұшқын өрт не ток
соғуға əкелуі мүмкін.
От алдыру білтесінің от алдыру білтесі
сымының штекеріне абайсыз тиюі іштен
жанатын қозғалтқыштың күтілмеген іске
қосылуына əкелуі мүмкін.
Жарақат алу қаупі бар!
Стартер арқанын тарту арқылы,
пышақ айналатын қозғалысқа
енеді. Стартер арқанын тартқан
кезде, пышақтардың əсіресе қол-
аяғыңыздан арақашықтықтың
жеткілікті екендігіне көз жеткізіңіз.
Жұмысты бастар алдында,
қозғалтқыштың, дем шығаратын
коллектордың жəне шу басқыштың
аумағындағы құрылғының суығанын
күтіңіз. Температурасы 80° С жəне одан
да жоғары болуы мүмкін. Жану қаупі
бар!
Мотор майымен тікелей жанасу қауіпті
болуы мүмкін, оған қоса, мотор майын
төгуге болмайды.
STIHL компаниясы мотор майын құю
жəне мотор майын ауыстыру үшін
STIHL делдалдарына жүгінуді ұсынады.
Тазалау:
Қолданып болғаннан кейін, құрылғы
жақсылап тазартылуы керек. (
Жиналған қалдықты ағаш таяқпен
кетіріңіз. Құрылғының төменгі бетін
қылшақпен жəне сумен жуыңыз.
Ешқашан жоғары қысымды
тазалағышты пайдаланбаңыз жəне
құрылғыны ағынды сумен жумаңыз
(мысалы, бақшалық шлангінің
көмегімен).
0478 670 9907 B - KK
11.2)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido