Ұзақ Мерзім Бойы Сақтау - Stihl RL 540 Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para RL 540:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 105
Агрессивті жуғыш заттарды
пайдаланбаңыз. Бұлар пластиктің
немесе металдың зақымдалуына
əкеліп, STIHL құрылғысының қауіпсіз
жұмысына теріс əсер етуі мүмкін.
Өрттің туындау қаупін азайту үшін,
желдеткіш тесіктер, суытқыш қырлар
жəне пайдаланылған газдарды
шығаратын құбырдың жанында: шөп,
сабан, мүк, қураған жапырақ жəне ағып
кеткен майлаудың болмағанына
көз жеткізіңіз.
Техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстар:
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстарды орындаңыз,
барлық басқа жұмыстарды делдал
өткізуі тиіс.
Қажетті құралдар мен білім жетіспеген
жағдайда дереу делдалға
хабарласыңыз.
STIHL компаниясы техникалық қызмет
көрсету жөніндегі жұмыстарды жəне
жөндеуді орындау үшін тек STIHL
делдалдарына жүгінуді ұсынады.
STIHL делдалдары тұрақты түрде
оқытуды ұсынады жəне техникалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
Аталмыш құрылғы үшін тек қана STIHL
компаниясы рұқсат еткен немесе
техникалық тұрғыдан бірдей
құралдарды, керек-жарақтар мен
аспалы жабдықтарды пайдаланыңыз,
əйтпесе адамдарға зақым келтіру
немесе құрылғының бұзылу қаупі
туындайды. Сұрақтар болған жағдайда
делдалға хабарласыңыз.
STIHL компаниясының түпнұсқа
құралдары, керек-жарақтары мен
қосалқы бөлшектері өз қасиеттері
бойынша құрылғы үшін оңтайлы жəне
0478 670 9907 B - KK
пайдаланушының талаптарына сай
келеді. STIHL түпнұсқа қосалқы
бөлшектерін STIHL қосалқы бөлшек
нөмірі, STIHL атауы жəне қажет
болғанда STIHL қосалқы бөлшек коды
бойынша анықтауға болады. Ұсақ
бөлшектерде тек бөлшек нөмірі ғана
болуы мүмкін.
Ескерту жəне нұсқау жапсырмалары
əрқашан таза жəне оқылатын күйде
болуы керек. Зақымдалған немесе
жоғалған жапсырмаларды STIHL
делдалдарының жаңа түпнұсқа
жапсырмаларына ауыстырыңыз.
Бөлшекті жаңасына ауыстырған кезде,
жаңа бөлшекте дəл сондай
жапсырманың бар болғанына көз
жеткізіңіз.
Аэратор блогындағы жұмысты тек
мықты жұмыс қолғаптарын киіп, аса
жоғары сақтық деңгейінде орындаңыз.
Қауіпсіздік түсінігіне орай, жанармай
беру жүйесімен байланысты барлық
бөлшектердің (жанармай құбырлары,
жанармай шүмегі, жанармай багы, бак
қысқышы, жалғағыштар) зақымдалған
жəне тамшылайтын жерлерін үнемі
тексеріп тұрып, қажет болған жағдайда,
оларды ауыстыру үшін маманды
шақырыңыз (STIHL компаниясы STIHL
делдалдарының қызметіне жүгінуді
ұсынады).
Құрылғы əрқашан жұмыс істейтін күйде
болуы үшін барлық гайкаларды,
болттарды жəне бұрандалардың берік
бекемделген күйде болуын
қадағалаңыз.
Құрылғы мен шөп жинағышта (керек-
жарақ – жеткізілім жинағына кірмейді)
тозған жəне зақымдалған жерлердің
бар-жоғын, əсіресе қоймаға қою
алдында үнемі тексеріп отырыңыз
(мысалы, қысқы үзіліс алдында).
Қауіпсіздік түсінігіне орай, тозған жəне
зақымдалған бөлшектерді дереу
ауыстыру керек, соның арқасында
құрылғы қауіпсіз əрі қалыпты қолданыс
күйінде болады.
Зақымдалған дыбысты басқыш пен
қорғайтын қалқаншаларды
ауыстырыңыз. Ақаулы дыбысты
басқышы бар аэраторды пайдалануға
болмайды.
Қозғалтқыштың негізгі реттелген күйін
ешқашан өзгертпеңіз жəне оны тым
жоғары айналыстарда қолданбаңыз.
Егер техникалық қызмет көрсету кезінде
қандай да бір бөліктер немесе
қорғаныш құрылғылары алынып
тасталса, нұсқаулықтың талабына
сəйкес оларды орнына орнату қажет.
4.8 Ұзақ мерзім бойы сақтау
Мына жағдайларда іштен жанатын
қозғалтқышты өшіріңіз жəне аэратор
блогын тасымалдау күйіне келтіріңіз:
– аэраторды қалдырудың алдында
немесе құрылғы қараусыз қалғанда.
Суыған құрылғыны сақтау үшін құрғақ,
жабық орынға қойыңыз.
Оқымаған адамға (мысалы, балаларға)
ұсақтағышпен жұмыс істеуге тыйым
салынған.
Ұзақ уақыт сақтау алдында
(мысалы, қыс айларында) құрылғыны
мұқият тазарту қажет.
Құрылғыны тек жұмысқа жарамды
күйінде ғана пайдаланған жөн.
509

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido