Hilti PR 3 Manual De Instrucciones página 347

Ocultar thumbs Ver también para PR 3:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 56
2.2 Ерекшеліктер
Аспап бір адамға кез келген жазықтықты тез және дәл нивелирлеуге мүмкіндік береді. Автоматты нивелирлеу
(±5° шектерінде еңкейту): аспап қосылғаннан кейін автоматты түрде орын алады. Жарық диодтарының жануы
сәйкес жұымс режимдерінің (функциялардың) қосылуы туралы хабарлайды. Аспапты тікелей еденде, штативте
немесе қабырға бекіткішінің көмегімен орнатуға рұқсат етіледі.
Нивелирлеу режимінде лазерлік сәуленің айналу жиілігі 300 айн/мин құрайды.
Оңай қызмет көрсету, берік конструкция, көп емес масса. Аспап жұмыс істегенде де зарядтала алатын қайта
зарядталатын аккумуляторлар жинағымен бірге пайдаланылады.
2.3 Көлденең нивелирлеу
Аспапты қосқаннан кейін Х және Ү осьтеріне қатысты туралауды екі ендірілген сервоқозғалтқыштар автоматты
түрде орындайды.
2.4 Тік жазықтық (автоматты нивелирлеу)
Тігінен нивелирлеу автоматты түрде орындалады. +/- PRA 2 сервоқозғалтқыштарын басқару түймелерінің
көмегімен тік жазықтықты қолмен туралауға (бұруға) болады.
2.5 Еңкейту
Еңкейтуді ± 5° шамасына дейін қолмен PRA 2 дистанциялық басқару блогының көмегімен еңкейтуді реттеу
режимінде реттеуге болады. Я болмаса, еңкейту адаптерімен еңкейтуді реттеу режимінде 60%-ға дейін еңкейтуге
болады.
2.6 «Антишок» функциясы
Ендірілген «антишок» функциясы (бір минуттан кейін қосылады): жұмыс уақытында аспаптың орнатылуы бұзылса
(шайқалу/соққы), онда аспап ескерту режиміне өтеді; барлық жарық диодтары жыпықтай бастайды; (ротация
тоқтайды); лазер қосылмайды.
2.7 Автоматты түрде өшу
Бір немесе екі бағытта автоматты нивелирлеу кезінде сервожүйе техникалық сипаттамаға сай дәлдік шектерін
сақтауды бақылайды.
Өшіру мына жағдайда орындалады: нивелирлеуді орындау мүмкін болмаса (аспап нивелирлеу саласынан тыс
орналасқан немесе ол механикалық түрде бұғатталған).
Өшіру мына жағдайда орындалады: аспап нивелирлеу режимінен шығарылса (шайқалу/соққы).
Өшіргеннен кейін айналу тоқтайды, барлық жарық диодтары жыпықтай бастайды.
2.8 PRA 2 дистанциялық басқаруымен бірге қолдану мүмкіндігі
PRA 2 дистанциялық басқаруы ашық қашықтықтарда ротациялық лазерін ыңғайлы басқару мүмкіндігін береді.
Лазер сәулесін дистанциялық басқару функциясының көмегімен туралау қосымша мүмкіндігі бар.
2.9 Нысанамен бірге қолдану мүмкіндігі
Нысананы үлкен қашықтықтарда лазерлік сәуле индикациясы үшін қолдануға болады. Егжей-тегжейлі ақпарат
пайдалану бойынша нұсқаулықта бар.
НҰСҚАУ
Нысана жеткізу жинағына кірмеуі мүмкін.
2.10 Айналу жиілігі
3 түрлі айналу жиілігі бар (300, 600, 1500 айн/мин).
2.11 Лазерлік сәуленің артық көрінуі
Жұмыс қашықтығына және қоршаған орта жарықтығына байланысты лазерлік сәулені көру шектелуі мүмкін.
Көруді нысана және/немесе лазерлік көзілдірік көмегімен жақсартуға болады.
Лазерлік сәулені көру төмендегенде, мысалы, күн сәулесінің әсерінің нәтижесінде, нысананы (саймандар)
қолдану ұсынылады.
kk
343

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido