Тасымалдау Және Сақтау - Hilti SR 30 Manual Del Usuario

Ocultar thumbs Ver también para SR 30:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 46
5.8
Қосу/сөндіру
ЕСКЕРТУ
Жұмыс істеп тұрған арадан жарақат алу қаупі !
▶ Алдымен өнімді өңделетін бөлшектен ары апарыңыз, тек содан кейін толығымен іске қосыңыз.
▶ Өнімді алып тастау алдында оның толығымен тоқтатылған күйге орнатылғанына дейін күтіңіз.
ЕСКЕРТУ
Ақаулы монтаждық ілмектен жарақат алу қаупі бар! Аспаптың құлауы сіз және басқа тұлгалар үшін
қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін.
▶ Жұмысты бастамастан бұрын монтаждық ілмектің берік бекітілгеніне және зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз.
1. Қылышты араны қосу үшін негізгі сөндіргішті басыңыз.
2. Қылышты араны өшіру үшін негізгі сөндіргішті жіберіңіз.
6
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым суырып алыңыз!
Аспапқа күтім көрсету
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Құрал бекіткішінің сыртын жүйелі түрде тазалап және майлап тұрыңыз. Ол үшін Hilti ұсынған 314648
спрейін қолданыңыз.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды
қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған
керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.
7
Тасымалдау және сақтау
Электр аспапты енгізілген құралымен бірге тасымалдамаңыз.
Электр аспапты әрқашан ажыратылған ашасымен бірге сақтаңыз.
Аспапты құрғақ күйінде және балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Электр аспапты ұзақ уақыт тасымалдаған не сақтаған соң, оны пайдалану алдында зақымдардың
бар-жоғын тексеріңіз.
*2243029*
2243029
Қазақ
175

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido