Күтім Жəне Техникалық Қызмет Көрсету - Indesit I6VSH2/EX Manual De Instrucciones

Cocina y horno
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 27
Күтім жəне техникалық
қызмет көрсету
Қоршаған ортаны сақтау жəне қорғау
• Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз
етуші желілік компаниялардың ең жоғары
жүктемесін азайтуға көмектесе аласыз.
• ГРИЛЬ, ҚОС ГРИЛЬ жəне ЖЕЛДЕТКІШІ
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚОС ГРИЛЬ режимдері
пайдаланылғанда пеш есігін əрқашан жауып қою
қажет: Бұл қуатты сақтай отырып (шамамен 10%),
жақсы нəтижеге жеткізеді.
• Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін
тазалап сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың
сыртқа шығуын болдырмайсыз.
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны
токтан ажыратыңыз.
Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Пешті тазалау
• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер жəне резеңке тығыздағыштар жылы
суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
• Пештің іші əрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде
мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты
пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ
шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды
пайдаланбаңыз.
• Пеш есігінің əйнегін ысқышпен жəне қырғыш
емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты
немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз,
себебі олар əйнек бетін тырнап, оның сынуына
əкелуі мүмкін.
• Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы
мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға
болады.
• Кір мен майды басқару тақтасынан қырғыш емес
губкамен немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп алу
қажет.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз.
Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын
жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Пеш шамын ауыстыру
1. Пешті токтан ажыратқаннан кейін шам ұясын жауып
тұрған шыны қақпақты шешіп алыңыз (суретті қараңыз).
2. Шамды алып, оны сондай басқа
шаммен ауыстырыңыз: кернеуі 230
В, қуаты 25 Вт, цоколі E 14.
3. Қақпақты орнына қойып, пешті
токқа қайтадан қосыңыз.
Шыны керамикалық плитаны тазалау
Қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш заттарды
(мысалы, барбекю жасайтын құралдар мен пештерді
тазалауға арналған спрейлер), дақ кетіргіштерді,
тат кетіргіштерді, ұнтақ тазартқыш заттарды немесе
қырғыш беттері бар губкаларды пайдаланбаңыз: олар
құрылғы беттерін біржола сызып тастауы мүмкін.
• Əдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш ас
үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
• Плита өте кір болса, оны арнайы шыны керамиканы
тазалау затымен ысқылап, одан кейін жақсылап
шайыңыз да, кептіріңіз.
• Кетпей қойған кірді кетіру үшін тиісті қырғышты
қолданыңыз (ол құрылғымен бірге берілмейді).
Төгілген тамақ қатып қалмауы үшін, құрылғының
суғанын күтпей-ақ, оны дереу сүртіп алыңыз. Шыны
керамикалық беттерге арналған тот баспайтын
болат сымнан жасалған губканы сабынды суға
малып қолдансаңыз, тамаша нəтижеге қол жеткізуге
болады.
• Пластмассалық немесе қантқа ұқсас заттар абайсыз
плитада ерісе, плита беті əлі ыстық кезде оларды
дереу қырғышпен алып тастау керек.
• Тазалағаннан кейін, плитаны арнайы қорғағыш күтім
өнімімен өңдеуге болады: бұл өнім қалдыратын
көзге көрінбейтін үлдір плитаның бетін пісіру кезінде
таматын тамшылардан қорғайды. Бұл қызмет
көрсету жұмыстарын құрылғы жылы (ыстық емес)
немесе салқын кезде орындау керек.
• Құрылғыны таза сумен шайып, жақсылап кептіруді
ұмытпаңыз: қалдықтар кейін пісірген кезде жабысып,
қатып қалуы мүмкін.
Шыны керамикалық
плита тазартқыштары
Терезе қырғышы Ұстара
жүзінің қырғыштары
Қосалқы жүздер
COLLO luneta
HOB BRITE
Плитаны тазалау
SWISSCLEANER
Тот баспайтын болатты тазалау
Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт тұрған
қаттылығы жоғары су немесе құрамында фосфор
бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі мүмкін. Болат
беттерді жақсылап шайып, мұқият кептірген абзал.
Көмек
Келесі мəліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме
кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.
Сатылатын жерлер
Керек-жарақ дүкендері
Құрал-жабдық дүкендері,
супермаркеттер, дəріханалар
Boots, кооперативтік дүкен,
универмаг, аймақтық электр
компаниясының дүкендері,
супермаркеттер
KZ
65

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido