Алмасты Бұрғы Қауіпсіздік Нұсқаулары - Bosch GDB 180 WE Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GDB 180 WE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 31
168 | Қазақ
Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
u
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
u
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
u
немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе
аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр
құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр
құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
u
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты
u
күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр
құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектері бар құралды
пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде
u
сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір
кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай
бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
u
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
u
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
u
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Алмасты бұрғы қауіпсіздік нұсқаулары
Суды талап ететін бұрғылауды орындаған кезде,
u
суды пайдаланушының жұмыс аймағынан ары
ағызыңыз немесе сұйықтық жинайтын құрылғыны
пайдаланыңыз. Осындай алдын алу шаралары
1 609 92A 4NJ | (24.03.2021)
пайдаланушы жұмыс аймағын құрғақ сақтап тоқ соғу
қауіпін кемейтеді.
Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе
u
өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде
электр құрылы оқшауланған ұстау жайынан
ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе
электр құралының метал бөлшектерін істетіп
пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
Алмасты бұрғымен бұрғылауда құлақ қорғанысын
u
тағыңыз. Шуылда тұру есті қабілетінің төмендеуіне
алып келуі мүмкін.
Ұшы қысылғанда, төменге қысуды тоқтатып
u
аспапты өшіріңіз. Ұшы қажалуының себебін табып
оны жоюға әрекет жасаңыз.
Алмасты бұрғы жұмысын қайта іске қосудан алдын
u
ұшы еркін бұралуын тексеріңіз. Егер ұшы қажалса,
ол іске қосылмауы, аспапты артық жүктеуі мүмкін,
немесе алмасты бұрғыны дайындамадан босатуы
мүмкін.
Бұрғы стендін анкерлермен және қысқыштармен
u
дайындамаға қысуда, пайдаланған анкерлеу
машинаны пайдалануды ұстап жылжытпауға
қабилетті екенін тексеріңіз. Егер дайындама әлсіз
немесе тесіктермен болса, анкер шығып кетіп
бұрғыны дайындамадан шығаруы мүмкін.
Бұрғы білтегін вакуумдық жастықшамен
u
дайындамаған бекітуде, жастықшаны тегіс, таза,
тесіксіз бетте бекітіңіз. Плитка немесе композиттік
қаптама сияқты ламинация істелген беттерде
бекітпеңіз. Егер дайындама тегіс, жалпақ немее
жақсы бекітілген болмаса, жастықша дайындамадан
шығып кетуі мүмкін.
Бұрғылаудан алдын немесе бұрғылау кезінде
u
жетерлік вакуум болуына көз жеткізіңіз. Егер
вакуум жетерлік болмаса, жастықша дайындамадан
шығып кетуі мүмкін.
Бұрғылауды ешқашан тек вакуумдық
u
жастықшамен бекітілген машинамен
орындамаңыз, тек қана төмен қарай бұрғылауда.
Егер вакуум жоғалған болса, жастықша дайындамадан
шығып кетуі мүмкін.
Қабырға немесе төбеден өткізіп бұрғылауда, басқа
u
жағында адамдар және жұмыс аймағын қорғауды
қамтамасыз етіңіз. Ұшы тесіктен өтіп басқа жағында
түсіп кетуі мүмкін.
Бұл құрылғыны бас жоғарысында сумен бұрғылау
u
үшін пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ
соғу қауіпін жоғарылатады.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып
u
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gcr 180 professionalProfessional gdb 180 weGcr 1803 601 a90 100

Tabla de contenido