Bosch GDB 180 WE Professional Manual Original página 172

Ocultar thumbs Ver también para GDB 180 WE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 31
172 | Қазақ
Вакууммен (керек-жарақ) бекіту
Бұрғылау станинасын вакууммен бекіту үшін стандартты
вакуумдық сорап және Bosch вакуумдық жинағы (керек-
жарақ) қажет болады.
Ваккуумдық сорап төмендегі талаптарға сай болуы керек:
Көлемдік ағын:
Вакуум кемінде:
Вакууммен бекіту үшін астыңғы бет жылтыр және тегіс
болуы керек. Сылау немесе кірпіш қалауда орнату мүмкін
емес.
Вакуумдық қосылым пайда болғанда, нивелирлеу
бұрандаларын (22) астыңғы бетке сәл орнатып, бұрғылау
станинасы нық тұрып, тығыздауыш сақина бос тұруы
керек. Әйтпесе бұрғылау станинасы тығыздауыш
сақинада қатты босап тұрады.
Вакуумдық сорапты және Bosch вакуумдық жинағын
жалғау үшін олардың пайдалану бойынша
нұсқаулықтарын оқып ұстаныңыз.
Вакуумдық сорап пен вакуумдық жинақтың
u
қауіпсіздік және жұмыс нұсқауларын қатал
орындау қажет!
Нивелирлеу (вакууммен бекіткенде емес)
Нивелирлеу бұрандаларын (22) деңгей (3) электр
құралында (тігінен монтаждау кезінде) немесе деңгей (4)
электр құралында (көлденеңінен монтаждау кезінде) дәл
тураланатындай етіп бір-бірден бұрап енгізіңіз немесе
шығарыңыз.
Бұрғылау станинасын дюбель бекіткішімен бекітіңіз.
Бұрғылау коронкасын орнату/алмастыру
Бұрғылау тірегінде немесе бұрғылайтын білдекте
u
кез келген жұмыстарды өткізу алдында, жұмыс
үзілістерінің кезінде және бұрғылау тірегін
пайдаланбайтын кезде бекіткіш тежегішті бұрап
бекіту арқылы бұрғылау тірегін кенет қозғалудан
қорғаңыз.
Бұрғылау коронкасын таңдау
Bosch бұрғылау коронкаларында түсті кодтау бар:
– Ылғалды бұрғылау коронкалары: көк
– Құрғақ бұрғылау коронкалары: ақ боз
Бұрғылау коронкасын орнату
Бұрғылау коронкаларын орнатудан бұрын тексеріп
u
шығыңыз. Тек ақаусыз бұрғылау коронкаларын
орнатыңыз. Зақымдалған және деформацияланған
бұрғылау коронкалары қауіпті жағдайларды тудыруы
мүмкін.
Орнатудан бұрын бұрғылау коронкаларын тексеріп
шығыңыз. Бұрғылау коронкасының бұрандасын аздап
майлаңыз немесе тот басудан қорғайтын затты себіңіз.
1 1/4 дюйм UNC бұрғылау коронкасын (8) бұрғылау
шпинделіне (7) бұрап қойыңыз.
Бұрғылау коронкасының нық бекітілгеніне көз
u
жеткізіңіз. Қате немесе нашар бекітілген бұрғылау
1 609 92A 4NJ | (24.03.2021)
коронкалары жұмыс кезінде босап, сізге қауіп төндіруі
мүмкін.
Бұрғылау коронкасын алып тастау
Бұрғылау коронкасын алмастыру кезінде
u
қорғаныш қолғап киіп жүріңіз. Электр құралы ұзақ
3
6 м
/сағ
уақыт жұмыс істесе, бұрғылау коронкасы қызып кетуі
мүмкін.
80% (−800 мбар)
Бұрғылау коронкасын (8) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені
41 мм) босатыңыз. Бұл ретте екінші айыр тәрізді кілтпен
(кілт ені 32 мм) бұрғылау шпинделінің (7) артқы ілмегін
тіреп тұрыңыз.
Сулы суыту/щаңсоруды қосыңыз
Дымқыл немесе құрғақ бұрғылау коронкалары жетерлік
ретте суымаса, алмас бөлшектері зақымдануы мүмкін
немесе бұрғылау коронкасы тесікті жабуы мүмкін. Сол
үшін дымқыл бұрғылауда сулы суыту жетерлік болуына
көз жеткізіңіз, ал құрғақ бұрғылауда шаңсору жұмыс
істеуіне.
Бар тесікті үлкейту үшін оны әбден жабып бұрғылау
коронкасын жетерлік суыту керек.
Қосылған шлангтар, бұғаттау клапандары немесе
u
жабдықтар бұрғылауға кедергі жасамауы керек.
Сумен суытуды жалғау
Суға жалғағыш адаптерді (12) жұдырықша
жалғастырғышқа (6) орнатып, оны сағат тілінің
бағытымен тірелгенше бұрап бекітіңіз.
Су жапқыш шүмекті (10) бұрап бекітіңіз. Су жеткізу
құбырын шүмекке жалғағыш бөлшекке (11) жалғаңыз.
Суды жылжымалы қысымдалған су багынан (керек-
жарақ) немесе стационарлық су жалғағышы арқылы
жеткізуге болады.
Ылғалды бұрғылау кезінде саңылаудан шығатын суды
жинау үшін су жинау сақинасы мен ылғалды/құрғақ
сорғыш (екеуі де керек-жарақ) қажет болады.
Су жинау сақинасын суды сору үшін монтаждау
(C суретін қараңыз)
Су жинау сақинасы (қараңыз „Керек-жарақтар/қосалқы
бөлшектер", Бет 175) GCR 180 алмасты бұрғылау
станинасымен және GDB 180 WE алмасты бұрғы
білдегімен бірге пайдалануға арналған.
Саңылауды қажетті бұрғылау диаметрі үшін тығыздауыш
қақпақта кесіп алыңыз.
Қыспа серіппені (33) едендік тақта (25) мен бұрғылау
бағаны (20) арасындағы саңылауға тірелгенше
жылжытыңыз. Бұл ретте қыспа серіппенің бұрыштық
бөлігі төмен қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су жинау сақинасын қалпына келтіріп, қыспа серіппені су
жинау сақинасындағы тіреу нүктелеріне қойыңыз. (Қыспа
серіппедегі ұштардағы қапсырмалар қыспа серіппені
жоғары қарай тартуға арналған.)
Серіппенің керу күші арқылы су жинау сақинасы
тығыздауышымен бірге астыңғы бетке басылып,
ылғалды/құрғақ сорғыштың вакуумымен бірге судың
шығып кетуіне жол бермейді.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gcr 180 professionalProfessional gdb 180 weGcr 1803 601 a90 100

Tabla de contenido