СЕНСОРМЕН БАСҚАРУ
– Жылдамдықты таңдау мүмкін болуы үшін ҚОСУ/ӨШІРУ сенсорын басыңыз.
– 1-жылдамдықты қосу үшін басыңыз. gombot.
– 2-жылдамдықты қосу үшін басыңыз.
– 3-жылдамдықты қосу үшін басыңыз.
– Жарықты қосу үшін басыңыз. Жарықты өшіру үшін қайта басыңыз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тазалауды жəне басқа да кез келген жұмыстарды бастамас бұрын аспаптың
байланыстыру кабелінің электр қорегінен ажыратылғанына немесе жалпы электр желісін өшіргіштің
сөндірілгеніне көз жеткізіп алыңыз.
Егер аспап электр желісіне розетка арқылы жалғанса, одан байланыстыру кабелінің ашасын ажыратыңыз.
Тазалау
Аспаптың ішкі жəне сыртқы беттерін жүйелі түрде тазалап тұрыңыз (май сүзгілерінен жиі емес). Тазалау үшін
бейтарап сұйық тазалау құралына малынған матаны қолданыңыз. Абразивтік тазалау құралдарын қолдануға
болмайды. СПИРТТІ ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
ЕСКЕРТУ! Аспапты тазалау жəне сүзгілерді ауыстыру ережелерін орындамау өртке алып келуі мүмкін, сондықтан
берілген нұсқауларды орындау ұсынылады. Өндіруші мотордың ықтимал ақауларына жəне дұрыс жөндемеу
немесе берілген нұсқауларды орындамау салдарынан болған өртке жауап бермейді.
Сүзгілер
Металл май сүзгісі май бөлшектерін ұстап қалады. Май сүзгісін айына бір рет агрессивті емес жуу құралдарымен
қолмен немесе ыдыс жуу машинасында жылдам бағдарламада төмен температурамен тазалаңыз. Ыдыс жуу
машинасында жуу кезінде сүзгі түсі өзгеруі мүмкін, бірақ бұл сүзгі жұмысына əсер етпейді. Май сүзгісін шығарып
алу үшін оның тұтқасынан төмен тартыңыз.
Көмір сүзгісі (қайта айналдыру режимінде жұмыс жасау үшін) дайындау кезінде пайда болатын жағымсыз иістерді
жұтады. Сүзгінің қызмет ету мерзімі мен дəрежесі күн сайын дайындау қарқындығына жəне май сүзгісін тазалау
жиілігіне байланысты болады. Кез келген жағдайда көмір сүзгісінің картриджін əр төрт ай сайын ауыстыру қажет.
Көмір сүзгісін жууға жəне өзгертуге БОЛМАЙДЫ.
Шамдарды ауыстыру
Ауа сорғысы оңтайлы жарықтандыруды қамтамасыз ететін, қарапайым шамдармен салыстырғанда 10 есе ұзақ
қызмет ететін жəне электр энергиясын 90% дейін үнемдейтін жарық диодты шамдармен жабдықталған.
ЕСКЕРТУ!
Ауыстыру үшін техникалық қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Электр энергиясын үнемдеу бойынша кеңестер
1) Дайындауды бастаған кезде бу мен иіс шығаруды бақылау үшін ауа сорғысын минималды жылдамдықпен
қосыңыз.
2) Булану қарқындылығы артқан кезде ғана ауа сорғысының жұмыс жылдамдығын ұлғайтыңыз.
3) Май буы мен иісті тиімді жою үшін ауа сорғысының сүзгілерін (сүзгісін) жүйелі түрде ауыстырып тұрыңыз.
81