Bosch GTS 10 J Professional Manual Original página 250

Ocultar thumbs Ver también para GTS 10 J Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 51
OBJ_BUCH-1325-004.book Page 250 Tuesday, September 13, 2016 1:06 PM
250 | Қaзақша
Ескертпе: Кіші ара дискілерін пайдаланбаңыз. Ара дискісі
мен сына аралығы максималды 5 мм болуы мүмкін.
 Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
– Қысқыш фланец 44 пен қысқыш сомынды 42
орнатыңыз.
– Қысқыш сомынды 42 шеңберлік кілтпен 22 (23 мм)
бұрап бір уақытта шпиндельді бұғаттау тұтқышын 43
тірелгенше тартыңыз.
– Қысқыш сомынды сағат тілімен берік тартыңыз
(бұрау моменті шам. 15–23 Н*м).
– Салынбалы плитаны 24 қайта орнатыңыз.
– Қорғауыш қалпақты 6.x төменге қайта апарыңыз.
Пайдалану
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискісінің тасымалдау және жұмыс
істеу күйі
Тасымалдау күйі
– Сермерді 18 сағат тіліне қарсы ара дискісінің 26 тістері
аралау үстелінің 9 астында тұрғанша бұраңыз.
– Ара үстелінің ұзартқышын 14 толығымен ішіне
жылжытыңыз.
Қысқыш тұтқаны 15 төмен басыңыз.
Ара үстелінің ұзартқышы осылай бекітіледі.
Тасымалдау туралы қосымша нұсқауларды 253 бетінде
қараңыз.
Жұмыс күйі
– Қос иінді 19 сағат тілімен ара дискісінің 26 тістері
дайындама жоғарысында тұрғанша бұраңыз.
Ескертпе: Қорғағыш қаптама дұрыс орналасқанына көз
жеткізіңіз. Ол әрдайым дайындамада жатуы керек.
Бағыт бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін белсенді пайда-
ланудан соң электр құралының параметрлерін тексеріп
керек болса реттеу керек („Негізгі реттеулерді тексеріп
реттеңіз" 252 бетінде қараңыз).
Вертикалды еңіс бұрышын реттеу (Ара дискісі)
(K суретін қараңыз)
Тік қисайту бұрышын –2° мен 47° аралығында реттеу
мүмкін.
– Ысырма тұтқышын 17 сағат тіліне қарсы бұраңыз.
Ескертпе: Ысырма тұтқышы толық босатылса ара дискісі
тарту күшімен шамамен 30° сай күйге аударылады.
– Сермерді 18 кулиса бойы бұрыш көрсеткіші 47 керекті
еңіс бұрышын көрсткенше тартыңыз.
– Сермерді осы күйде ұстап ысырма тұтқышын 17 қайта
бекітіңіз.
0° мен 45° стандартты бұрыштарын жылдам және дәл
реттеу үшін зауытта ретелген тіреуіштер бар.
1 609 92A 2C1 | (13.9.16)
Горизонталды еңіс бұрышын реттеу
(Бұрышты тіреуіш) (L суретін қараңыз)
Көлденең қисайту бұрышын 60° (сол жақтық) мен 60° (оң
жақтық) аралығында реттеу мүмкін.
– Бекіту басы 49 тартылған болса оны босатыңыз.
– Бұрышты тіреуішті бұрыш көрсеткіші 50 керекті еңіс
бұрышын шкалада көрсеткеніше бұраңыз.
– Бекіту басын 49 қайта тартыңыз.
Аралау үстелін үлкейту (M суретін қараңыз)
Ұзын дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
– Қысқыш тұтқаны 15 аралау үстелінің ұзартқышы үшін
толығымен жоғарыға тартыңыз.
– Қосымша аралау үстелін 14 керекті ұзындыққа шейін
сыртқа тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны 15 төмен басыңыз.
Ара үстелінің ұзартқышы осылай бекітіледі.
Параллельді тіреуішті реттеу
Параллельді тіреуішті 10 ара дискісінің сол (қара шкала)
немесе оң жағында (күміс шкала) орналастыру мүмкін.
Лупадағы 27 белгі параллельді тіреуіштің ара дискісімен
шкаладағы 1 аралығын көрсетеді.
Параллельді тіреуішті ара дискісінің керекті жағына
орналстырыңыз („Параллельді тіреуішті орнату" 248
бетінде қараңыз).
ара үстелі шығарылмағанда
– Параллельді тіреуштің 10 қысқыш тұтқасын 35
босатыңыз.
Параллелльді треуішті лупадағы 27 белгі ара дискісіне
дейін керекті аралықты көрсеткенше жылжытыңыз.
Аралау үстелі тартылмаған болып күміс шкаланың 1
төменгі жазуы жарамды болады .
– Бекіту үшін қысқыш тұтқаны 35 қайта төменге басыңыз.
аралау үстелі тартылған болса (N суретін қараңыз)
– Параллельді тіреуішті ара дискісінің оң жағында
орналстырыңыз.
Параллельді тіреуішті лупадағы 27 белгі төменгі
шкалада 26 см көрсеткенше жылжытыңыз.
Бекіту үшін қысқыш тұтқаны 35 қайта төменге басыңыз.
– Қысқыш тұтқаны 15 аралау үстелінің ұзартқышы үшін
толығымен жоғарыға тартыңыз.
– Ара үстелінің ұзартқышын 14 сыртқа аралық
көрсеткіші 51 жоғарғы шкалада ара дискісіне дейін
керекті аралықты көрсеткенше тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны 15 төмен басыңыз.
Ара үстелінің ұзартқышы осылай бекітіледі.
Қосымша параллельді тіреуішті реттеу
(O суретін қараңыз)
Жіңішке дайындамаларды аралауда және вертикалды
еңіс бұрыштарын аралауда қосымша тіреуішті 37
параллельді тіреуіште 10 орнату керек.
Қосымша параллельді тіреуіш қалаған жағдайда
параллельді тіреуіштің 10 сол немес оң жағына орнатылуы
мүмкін.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido