3M Aircare ACU-03 Manual Del Usuario página 60

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 12
K
Осы нұсқаулармен қоса толық респираторлық жүйеге арналған басқа
барлық тиісті пайдаланушы нұсқауларын оқып шығыңыз.
ҚАПТАМАНЫ АШУ
3M™ Aircare™ ACU-03/ACU-04 құрылғыңыз төмендегілерден тұруы
керек:
a) Aircare™ қабырғаға/еденге орнатылатын ауаны сүзгілейтін құрылғы
b) 1/2" - 3/8" редуктор
c)3/8" ашалы қосқыштар (2)
d) Пайдалану бойынша нұсқау
ЖҮЙЕНІҢ СИПАТТАМАСЫ
3M™ Aircare™ ACU-03ACU-04құрылғысы сығылған ауаның сыртқы
көзінен су тамшыларынан, қатты бөлшектерден жəне иістерден
тазарту арқылы жоғары сапалы ауамен қамтамасыз етеді. Құрылғы үш
сатыдан тұрады. 1-сатыда су тамшыларынан жəне 5 жəне одан да
жоғары микронды құрайтын қатты бөлшектерден тазартылады. 2-саты
0,01 жəне одан да жоғары микронды құрайтын бөлшектерді жəне
аэрозоль суы мен майынан (0,01 мг/м3 жəне одан да жоғары)
тазартатын коалесцирлейтін сүзгіден тұрады. 3-саты 21°C градустағы
0,003 бөлшек/млн жəне одан да жоғары бар булар мен иістерді жоятын
ағаш көмір адсорберінен тұрады.
^ ЕСКЕРТУЛЕР МЕН ШЕКТЕУЛЕР
• Өнім иесін ауадағы нақты ластайтын заттардан қорғауға
көмектесу үшін дұрыс таңдау, үйрену, қолдану жəне тиісті түрде
сақтау маңызды болып табылады.
• Бұл өнімді қолдану бойынша барлық нұсқауларды орындамау
жəне/немесе респираторлық жүйені əсер ету кезінде тағудан бас
тарту пайдаланушының денсаулығына жағымсыз əсер етіп,
ауыр ауруға немесе еңбекке үнемі жарамсыз күйне əкелуі жəне
кез келген кепілдікті жоққа шығаруы мүмкін.
• Егер осы өнімнің сіздің жұмыс жағдайына жарамдылығына
қатысты күмəніңіз бар болса, еңбек гигиенасы бойынша
маманнан кеңес алу немесе 3М өңірлік офисінің Техникалық
бөліміне телефон соғу керек. Мекен-жайларды жəне телефон
нөмірлерін осы кітапшаның артқы жағынан қараңыз.
• Aircare™ осы кітапшадағы барлық нұсқауларды қатаң
орындаумен қолданыңыз.
• Əрдайым мыналарды қамтамасыз етіңіз:
• берілетін ауа көзінің белгілі болуы;
• берілетін ауаның таза болуы;
• Берілетін ауаның сапасы тыныс алуға жарамды болуы, EN12021.
• Осы бұйымды оттегінің мөлшері 19,5%-дан аз ортада пайдаланбаңыз
(3М анықтамасы: кейбір елдер оттегі мөлшерінің жеткіліксіздігіне
қатысты өз шектеулерін қолдануы мүмкін. Күмəніңіз болса, кеңес
сұраңыз).
• Өмірге немесе денсаулыққа тікелей зиян келтіретін (ӨДТЗ) орталарда
қолданбаңыз.
• Улы шаң жəне газдар концентрацияларын сүзгілеу үшін қолданбаңыз.
• Тұншықтыратын зарттармен бірге қолданбаңыз.
• Қоршаған орта температурасының -10°C - +50°C ауқымынан тыс
жағдайда қолданбаңыз.
• 10 барға тең ең жоғары жұмыс қысымынан астырмаңыз.
• Жарылыс қауіпті ортада пайдалану қажет болған жағдайда, 3М
техникалық қызмет бөлімінен кеңес алыңыз.
• АТЕХ ортасында қолдануға арналған (ІІ топ, 2-санат):
• Əсер етуі ықтимал аймақта өнімді орнатпаңыз.
• Ауа беру жүйесінің сапасы ISO 8573-1:2010 стандартының 1.4.2
класына сай болуы керек.
• Аса сезілетін қысым жəне/немесе жабық корпус жылуды жасай
алады.
• Өнім үстіндегі шаң қалыңдығы 5 мм аспауы керек.
• Құрылғыны сығылған ауа беру желісімен жерге тұйықталуы керек.
• Құрылғыны сұйық ерітінділерден, қышқылдардан немесе сілтілерден
алыс қолданған жөн. Өнімді АТЕХ аймағының сипаттамаларына сай
əдіспен тазалау керек, яғни жұмсақ сабынмен немесе антистатикалық
өнімдермен.
• Сүзгі реттегіштері: Сүзгі реттегіштерін құрылғы ішінде діріл жасай
алатын жүйелерде қолданбаңыз.
МАҚҰЛДАУЛАР
Бұл өнім сүзгі арқылы берілетін қысым жəне ағын жылдамдығы
байқалатын ауа беру құрылғыларын қолдану үшін Ұлыбританияның 3М
PLC компаниясымен жабдықталады. Сүзгіленген ауаның сапасы
халықаралық BS ISO 8573-1:2010 стандартының 6-1 класының
талаптарына сай келеді. Кластар бір шаршы метрдегі бөлшектердің
өлшемі мен ең үлкен санына жəне майдың максималды
концентрациясына негізделеді. '-' көрсетілмеген су буының класына
негізделеді.
КОСТЮМНІҢ ТАҢБАЛАНУЫ
Сүзгінің əр аралық қабаты тиісті нөмірмен белгіленген.
Ауа ағынының бағыты көрсеткімен белгіленген.
Р < 10 бар ең жоғарғы жұмыс қысымын білдіреді.
-10°C < t < +50°C жұмыс температурасының ауқымын білдіреді.
ОРНАТУ
Қабырғаға орнатылатын сүзгі ғана - Қабырғаға орнату тіреуіштерінің
сүзгіге берік орнатылғанын тексеріңіз. Сүзгіні қабырғаға кіріс жəне
шығыс тіреуіштер арқылы мықты бекітіңіз.
Қабырғаға жəне еденге орнатылатын құрылғылар - Қолданар алдында
кіріс жəне шығыс муфталарды орнату керек. Олар ауа кірмейтіндей
орнатылуы тиіс. Ауа ағынын бағыттау үшін сүзгінің аралық
қабатындағы көрсеткілерді қараңыз.
3М компаниясынан алынған Тік жəне CEJN муфталар жабдықталған
3/8" ашалы қосқыш бумасы арқылы құрылғыға орнатылуы керек.
Сүзгі құрылғысын ауа беру жүйесіне қосып, сығылған ауа беру түтігіне
жалғаңыз.
^ Манометрді ауа кірмейтіндей мықты орнату керек.
1-суреттегідей қосымша рұқсат етілмеген əрекеттерден құлыптау
жинағын орантуға болады.
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДАУ
Тексерілген аппарат толық жабдықталған, бүлінбеген жəне дұрыс
жиналған болуы тиіс. Кез-келген бүлінген немесе ақаулы бөлшектер
дуылға пайдаланылғанға дейін 3М түпнұсқа қосалқы бөлшектерімен
алмастырылуы тиіс.
Сығылған ауа беру түтіктердің зақымдалмағанын жəне
қосылымдардың берік орнатылғанын тексеріңіз.
Сүзгілер корпусының коллекторге мықты орнатылғанын, олардың таза
əрі ішінде сұйықтық жоқ екенін тексеріңіз. Қажет болса, корпустардың
ішінен сұйықтықты ағызып шығарыцңыз.
Сүзгіленген ауада иістің бар-жоғын тексеріңіз. Егер иіс бар болса,
3-сатылы сүзгі элементін ауыстырыңыз ("Техникалық күтім" бөлімін
қараңыз).
Сүзгіленген ауамен бірге жабдықталатын ерекше құрылғыға арналған
пайдаланушы нұсқауларында сипатталғандай ауа ағынын тексеріңіз.
Aircare құрылғысының 1-сатыдағы реттегішін дұрыстау қажет болуы
мүмкін. Егер 2-Сатыдағы дифференциалды қысым датчигі қызыл
болып жанса немесе қажетті ауа ағынына қол жеткізілмесе, 2-сатылы
сүзгі элементін ауыстырыңыз ("Техникалық күтім" бөлімін қараңыз).
ҚОРҒАУШЫ ДУЫЛҒАНЫ ПАЙДАЛАНУ
Құрылғыдағы ауа беру жүйесін іске қосып, 1-сатыдағы реттегіш арқылы
қысымды қажетті деңгейге орнатыңыз.
Келесі жағдайларда жұмыс аймағынан тез шығыңыз:
a) Eгер жүйенің кез-келген бір бөлігі бүлінсе.
b) қорғаушы дуылғаға берілетін ауа ағыны азайса немесе тоқтап қалса.
c) тыныс алу қиындаса.
d) Басыңыздың айналуы немесе басқа аурулар пайда болса.
e) Ауызыңызда ластағыш заттардың дəмін, иісін сезінсеңіз немесе
теріңіз қыши бастаса.
Қолданып болған соң, 1-сатыда тұрған реттегішті Aircare
құрылғысындағы қысымды босату үшін сағат тілінің бағытына қарсы
бұраңыз.
Тазалау нұсқауы
Дуылғаны тазалау үшін шаруашылықтық сабынның судағы ертіндісіне
малынған таза шүберекті пайдаланыңыз.
Дуылғаны немесе оның қандай да бір бөлігін тазалау үшін бензинді,
хлорлы майсыздандырғыш сұйықтықтарды (трихлорэтилен сияқты),
органикалық еріткіштерді немесе абразивті тазалағыш заттарды
пайдаланбаңыз.
60

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Aircare acu-04

Tabla de contenido