• Белсенді қолданған кезде газға қарсы бетпердедегі
қысым тыныс алу кезінде жағымсыз əсер етуі мүмкін.
Жабдықты тиісті түрде орнатыңыз немесе тыныс алу
мүшелерін жеке қорғаудың баламалы құралдарын
қарастырыңыз (мысалы, 3М™ Сүзгілері/3M™
желдетпе-ағынды агрегаты.)
• Бұйымды ауа берілетін тəртіптемеде пайдаланатын
кезде келесі нəрселерге көз жеткізіңіз: • берілетін
ауаның көзі белгілі екендігіне. • берілетін ауаның
тазалығы белгілі екендігіне. • берілетін ауа тыныс алуға
EN12021 стандартына сəйкес жарамды екендігіне.
Егер дуылғаны пайдалану кезінде ауаның берілуі
тоқтаса немесе азайса, ластанған аймақтан жылдам
шығыңыз жəне себебін анықтаңыз.
• Шланг шығып тұрған затқа қайырылып қалмауын
байқаңыз
• Осы бұйымдар оттегін беруге арналмаған.
АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУЛЕР
Бұйымның пайдаланушының терісіне тиюі мүмкін
бөліктерінің материалдары адамдардың көпшілігінде
аллергия туғызатыны туралы ақпарат жоқ.
Осы бұйымдардың табиғи резиналық латекстен жасалған
құрамдас бөліктері жоқ.
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДАУ
Қораптағы бөлшектердің түгел екенін жəне тасымалдау
барысында зақымданбағанын тексеріңіз.
Тексерілген аппарат толық жабдықталған, бүлінбеген жəне
дұрыс жиналған болуы тиіс. Кез-келген бүлінген немесе
ақаулы бөлшектер дуылға пайдаланылғанға дейін 3М
түпнұсқа қосалқы бөлшектерімен алмастырылуы тиіс.
Куəландыру
Қолданудың алдында осындай куəландыруды өткізу
ұсынылады:
1. Бет бөлігінде жарықтардың, жыртықтардың жəне кірдің
болмауын қадағалаңыз. Бет бөлігінің, əсіресе шеткі
жақтауларының тозбағанына көз жеткізіңіз. Материал
иілгіш, бірақ қатты болмауы керек.
2.Тыныс алу клапанында жарықтар мен жыртықтың
болмауы керек. Тыныс алу клапанын көтеріп, клапан орнату
ұяшығында кір немесе жарықтар жоқ екенін тексеріңіз.
3. Бас таспалары бүтін жəне жақсы созылмалы болу керек
4. Барлық пластик бөлшектерін жарықшаққа жəне
тозуғанына тексеру қажет
5. Аралық төсемдер түзу салынулары керек.
6. Тыныс алу клапанның қақпағын суырып, тыныс алу
клапаны мен клапан орнату ұяшығында кірдің,
жарықтардың, жыртықтың жоқ екеніне жəне оның
тозбағанына көз жеткізіңіз. Тыныс алу клапанның қақпағын
орнына салыңыз.
7. Линзада респиратор жұмысын немесе көруді
нашарлататын зақымдардың болмауы керек.
ЖИНАҚТАУ НҰСҚАУЛАРЫ
Сəйкес пайдалану нұсқаулығындағы құрастыру
нұсқауларын қараңыз. (мысалы, 3М™ Сүзгілері/3M™
желдетпе ағынды агрегаты.)
КИЮ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
Бет бөліктің 3 түрлі өлшемінен сəйкес келетінін таңдаңыз (S
/ M / L). КИЮ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАРДЫ ҮНЕМІ
ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК
Киілуі
1. Белбеуді 4 толығымен босатыңыз, белбеуді мойынға
ораңыз жəне респираторды бетіңізге киіңіз. Бейнесі 1.
2. Белбеуді төменнен бастап ақырындап тартыңыз, содан
кейін жоғарғы белбеуді тартыңыз (сур. 2). Қатты
тартпаңыз.
3. Бетке сылап-сипау жасаңыз. Егер де, Сіз 6035 жəне 6038
немесе 2000 сериялы сүзгілерін қолданатын болсаңыз,
онда жағымсыз қысымның бар болуын тексеру ұсынылады.
Егер де, Сіз 3М сүзгісін қолдансаңыз, онда жағымды
қысымның болуына тексеру жасау ұсынылады.
БҰЙЫМДЫ ШЕШУ
^ Жұқпалы аумақтан кеткеніңізше газ қайтарғыш
бетпердені, сүзгіні бетіңізден шешпеңіз немесе ауа
жіберуді тоқтатпаңыз.
1. Жоғарғы таспалардың керілісін босатыңыз
2. Бетке киілетін бұйымды аздап көтеріп жəне
респираторды көтеріп шешіп қойыныз
3. Қажет болған жағдайда, желдетпе-ағынды агрегатын
өшіріп тастаңыз немесе ауамен қамтамасыз ететін түтікті
реттегіш қақпақшадан ажыратып, белбеуді тағыңыз.
ЕСКЕРТУ Егер респиратор ерекше тазалау рəсімдерін
қажет ететін затпен ластанған аймақта пайдаланылса,
оны тиісті контейнерге салып, респираторды
тазалағанға немесе пайдаланудан шығарғанға дейін
сонда сақтау қажет.
ТЫҒЫЗ ЖАНАСТЫРУДЫ ТЕКСЕРУ
• Дұрыс киілгенін артық қысым арқылы тексеру
(барлық құпталған параметрлерге арналған) (3M ™ 6035
/ 6038 / 2000 сатылай сүзгілер) басқа барлық сүзгілер
Алақанмен дем тарту қақпақшаны жауып, ақырын дем
тартыңыз Бейнесі 3.
Бет бөлігі жайлап томпайған кезде бет пен бет бөлігі
арасында ауа қалдықтары болмаса, онда дұрыс киілді
деген сөз.
Егер ауа ағып тұрса респираторды бетте түзеу керек
жəне\немесе таспалардың керілісін ыңғайлау керек.
Жоғарыда келтірінген тексеруді қайталау керек.
• 6035 / 6038 фильтрлерімен бұйымның орнына
киілгенін вакуумдық қысым арқылы тексеру Сондай-ақ
2000 сатылай сүзгілер.
Сүзгілердің орталық пазасына үлкен саусақпен басыңыз,
ақырындап демалыңыз да демді бес, он секундқа ұстап
қалыңыз. Егер бетке киілетін бұйым аздап опырылып
құласа, онда оны дұрыс киілгені мəлім. Бейнесі 4. Егер ауа
ағып тұрса респираторды бетте түзеу керек жəне\немесе
таспалардың керілісін ыңғайлау керек. Жоғарыда
келтірінген тексеруді қайталау керек.
Егер дұрыс кие алмасаңыз, онда қауіпті аймаққа бармаңыз.
Мөлшер бойынша кию
Кию туралы рəсімдік сынақтар бойынша ақпарат алу үшін
3М компаниясына хабарласыңыз.
118