OBJ_BUCH-1102-006.book Page 202 Thursday, June 5, 2014 1:02 PM
202 | Қaзақша
Сымды қылшақты (щетканы) пайдаланудағы арнайы
қауіпсіздік нұсқаулықтары
Сымды қылшақтың әдеттегі пайдалануда да сым
жоғалтуын есте сақтаңыз. Сымдарды қатты басып
артық жүктемеңіз. Шашылып тұрған сымдар киім
және/немесе теріге қадалуы мүмкін.
Қорғаныш қаптамасының сымды қылшақпен
жанасуына жол бермеңіз. Тәрелке және тостаған
тәрізді щеткалардың диаметрі басу қысымының және
центрифугалық күштердің әсерінен артуы мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch
өніміңізде пайдаланыңыз. Тек осы жағдайда
аккумулятор ауыр шамадан тыс жүктемелерден
қорғалған болады.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
1 609 92A 0N2 | (5.6.14)
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы суды пайдаланбай металдан және тастан
жасалған материалдарды кесуге, сыдырып алуға және
щеткамен өңдеуге арналған.
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін кесуге
арналған арнайы қорғағыш қаптаманы пайдалану керек.
Тасты кесу үшін жеткілікті шаңды соруды қамтамасыз ету
керек.
Арнайы тегістеу құралдарымен тіркесімде электр құралды
егеуқұм қағазымен тегістеу үшін пайдалануға болады.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Корпустегі айналу көрсеткісі
2 Шпиндельді бекіту түймесі
3 Қосқыш/өшіргіш
4 Алты қырлы дөңгелек кілт
5 Аккумулятор*
6 Аккумуляторды босату түймесі*
7 Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған)
8 Ажарлау шпинделі
9 Қорғайтын қаптаманың бекіту бұрандасы
10 Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
11 Дөңгелек қимасы бар тірек фланеці
12 Тегістеу шеңбері*
13 Қысқыш гайка
14 Тез қысқыш гайка
15 Қатты қорытпа тостаған тәрізді тегістеу шеңбері*
16 Кесуге арналған қорғағыш қаптама*
17 Кесуге шеңбері*
18 Қолды қорғау қалқаны*
19 Резеңке тірек тегістеу тәрелкесі*
20 Егеуқұм қағазы*
21 Дөңгелек гайка*
22 Тостаған тәрізді қылшақ*
23 Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының
пернесі*
24 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы*
25 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
26 Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш
қаптама *
27 Алмас кесу шеңбері*
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
*
Bosch Power Tools