Bosch PCM 7 S Manual Original página 183

Ocultar thumbs Ver también para PCM 7 S:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 37
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының
шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат,
ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жеке шаңсору (C суретін қараңыз)
– Шаң қабын 19 жоңқаларды шығаруға арналған келте
құбырға 22 салыңыз.
Шаң қабы аралау кезінде әрекет жасап тұрған апсап
бөліктерін тимеуі тиіс.
Шаң қабын уақтылы босатыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін жоңқа шығатын жерге 22 шаңсорғыш
шлангін (Ø 36 мм) қосу мүмкін.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
(E1–E4 суреттерін қараңыз)
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз.
Bosch Power Tools
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Алы қырлы бұранданы 33 жинақтағы алты қырлы
торцтық кілтпен 25 бұрап шпиндель бекіткішін 30
тірелгеніше бірдей басыңыз.
– Шпиндель бұғаттауын 30 басып ұстап бұранданы 33
сағат тілімен бұрап шығарыңыз (сол жақтық бұранда!).
– Қысқыш фланецты 34 шешіңіз.
– Тұтқышты 3 басып, тербелуден сақтайтын қаптаманы 5
тірелгенше артқа қайырыңыз.
– Тербелуден сақтау қаптамасын осы күйде ұстап ара
дискісін 36 алып қойыңыз.
– Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқы қайта
апарыңыз.
Аралау дискісін орнату
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
– Тұтқышты 3 басып, тербелуден сақтайтын қаптаманы 5
тірелгенше артқа қайырып осы күйде ұстаңыз.
– Жаңа аралау дискісін қысқыш флнецке 35 орнатыңыз.
 Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
– Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқы қайта
апарыңыз.
– Қысқыш фланец 34 пен бұранданы 33 орнатыңыз.
Шпиндель бұғаттауын 30 тірелгеніше басып бұранданы
сағат тіліне қарсы бұрап бекітіңіз.
Пайдалану
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау қорғауышы (F суретін қараңыз)
Тасымалдау қорғауышы 29 сізге түрлі жұмыс жайларына
тасымалдау кезінде электр құралын қолай пайдалануға
көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасында 1 аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын 29 босатыңыз.
– Тасымалдау қорғаышын 29 толық сыртқа тартыңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Электр құралын қорғауышын орнату
(тасымалдау күйі)
– Құлыптау бұрандасы 26 тартылған болса оны
босатыңыз. Манипуляторды толық артқа тартып
құлыптау бұрандасын қайта тартып бекітіңіз.
– Тереңдік тіреуішін 18 жоғарыға бұрап қойыңыз. („"
бетінде қараңыз)
– Аралау үстелін 8 бұғаттау үшін құлыптау басын 9 тартып
қойыңыз.
– Тұтқышқа 3 басып бір уақытта манипуляторды
қолтұтқасынан 1 төменге тасымалдау бекіткіші 29
толық ішіне басылғанша қайырыңыз.
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып бұғатталған.
Қaзақша | 183
1 609 92A 0VM | (23.7.14)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido