Bosch GKS 160 Professional Manual Original página 152

Ocultar thumbs Ver también para GKS 160 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
OBJ_BUCH-185-006.book Page 152 Thursday, June 9, 2016 10:28 AM
152 | Қaзақша
 Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы мүмкін.
 Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін 28
жүйелі түрде тазалап тұру керек.
Сыртқы сорғыш
Сорғыш шлангін 32 шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар).
Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау тереңдігін орнату (C суретін қараңыз)
 Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Цангалық қысқышты 25 тартыңыз. Аз аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан 14 ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға 14 басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді орнатыңыз.
Цангалық қысқышты 25 берік бекемдеңіз.
Қысқыш тұтқыштың 25 қысу күшін реттеу мүмкін. Ол үшін
25 қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне қарсы
30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз.
Бағыт бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың 17 бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қатпарлы бұрандаларды 7 мен 15 босатыңыз. Араны
бұраңыз. Қажетті өлшемді 5 шкаласында қажет мәнді
орнатыңыз. 7 мен 15 қатпарлы бұрандаларын қайта
бекітіңіз.
Ескертпе: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында 26 көрсетілген саннан азырақ.
1 609 92A 2AU | (9.6.16)
Аралау бұрышының белгілері
45
0
0° аралау бұрышының белгісі 10 тік бұрышпен аралау
кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. 45° 9 аралау
бұрышының белгісі 45° ара полотносының күйін
көрсетеді.
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Электр құралды іске қосудан алдын сынаның реттелуін
тексеріңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 2 басып кейін қосқыш/өшіргішті 1 басып ұстап
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 1
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 1
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сондай-ақ, бойлай немесе көлденеңінен
аралауға байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
45
0
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido