3M Nano-Lok XL Manual De Instrucciones página 138

Ocultar thumbs Ver también para Nano-Lok XL:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 54
2,0 ПАЙДАЛАНУ
2.1
ҚҰТҚАРУ ЖОСПАРЫ. Осы жабдықты пайдалану кезінде, жұмыс берушінің жазбаша түрдегі құтқару жоспары болуы қажет
және сол жоспарды жүзеге асыру және пайдаланушыларға, өкілетті тұлғаларға және құтқарушыларға жеткізу құралдары
болуы тиіс.
2.2
ТЕКСЕРУ ЖИІЛІГІ. ӨЖҚ-ларды білікті маман тексеруі қажет
қараңыз). Осыған қоса, пайдаланушыдан басқа білікті тұлға
жасауға қолайсыз жағдайларда (ауа-райы қолайсыз жер, ұзақ уақыт пайдалану және т. б.) білікті тұлғаның жиірек тексеруі
талап етілуі мүмкін. Тексеру процедурасы Тексеру және техникалық қызмет көрсету журналында (3-кесте) сипатталған.
Білікті тұлға тексерісінің нәтижелері Тексеру және техникалық қызмет көрсету журналына немесе радиожиілікті анықтау
(RFID) жүйесіне жазылуы керек.
2.3
ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСТАР. Қалыпты жұмыс жағдайында жұмысшы қалыпты жылдамдықпен қозғалған кезде сақтандыру
арқаны кедергісіз немесе босап қалмай ұзартылады және жиналады. Егер құлау жағдайы орын алса, жылдамдықты
анықтайтын тежелу жүйесі іске қосылып, құлауды тоқтатады және пайда болған күштің көп бөлігін сіңіреді. Қалыпты
жұмыс барысында кенеттен немесе жылдам қозғалуға болмайды, себебі бұл ӨЖҚ-ның құлыпталуына әкелуі мүмкін. Құлау
жағдайы сақтандыру арқаны жолының шетіне жақын орын алған кезде, құлауды тоқтату күшін азайту үшін резервтік
сақтандыру арқанының жүйесі немесе амортизатор ендірілген. Егер ӨЖҚ-ға құлауды тоқтату күші түсірілген болса: оны
дереу қолданыстан шығару қажет және «ПАЙДАЛАНУҒА ЖАРАМСЫЗ» деген белгі жабыстырып, 5-ші және 6-шы бөлімдегі
нұсқауларға сәйкес тексеріп, техникалық қызмет көрсету шараларын орындаңыз.
2.4
ДЕНЕ ТІРЕУІ. Өздігінен жиналмалы құрылғы мен толық сақтандыру белдігін пайдалану қажет. Белдіктің жалғау нүктесі
пайдаланушының ауырлық ортасынан жоғары болуы тиіс. Дене белдігі Өздігінен жиналмалы құрылғы мен пайдалануға
арналмаған. Дене белдігін пайдалану кезінде құлау жағдайы орын алса, дене салмағын дұрыс көтермеуі себебінен ол
өздігінен босатылуы немесе жарақаттауы мүмкін.
2.5.
ҚҰРАМДАСТАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ. Басқасы көрсетілмесе, 3M жабдықтары 3M компаниясы мақұлдаған құрамдастармен
және қосалқы жүйелермен ғана пайдалануға арналған. Мақұлданбаған құрамдастармен немесе қосалқы жүйелермен
алмастыру немесе ауыстыру жабдықтың үйлесімділігіне кері әсерін тигізіп, жалпы жүйенің қауіпсіздігіне және сенімділігіне
кері ықпалын тигізуі мүмкін. Жеке құлауды тоқтату жүйесіндегі компоненттер мен ішкі жүйелер үшін өндірушінің
нұсқауларын орындаңыз.
2.6
ЖАЛҒАҒЫШТАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ. Орнатылатын бағдарына қарамастан өлшемдері мен пішіндері себебінен ысырма
механизмдері бірге байқаусызда ашылмайтын жолмен жұмыс істейтіндей жобаланған кезде, жалғағыштар жалғағыш
элементтермен үйлесімді болып саналады. Үйлесімділік бойынша сұрақтарыңыз болса, 3M компаниясына хабарласыңыз.
ӨЖҚ-ны ілуге арналған жалғағыштар EN362 стандарттарына сәйкес болуы керек. Жалғағыштар анкермен немесе басқа
жүйе құрамдастарымен үйлесімді болуы керек. Үйлеспейтін жабдықты пайдалануға болмайды. Үйлеспейтін жалғағыштар
байқаусызда босап кетуі мүмкін (5-суретті қараңыз). Жалғағыштардың өлшемі, пішіні және беріктігі үйлесімді болуы керек.
Өздігінен құлыпталатын ілмектер мен карабиндер қажет. Егер ілгек немесе карабин бекітілетін жалғағыш элементтің өлшемі
немесе пішіні дұрыс болмаса, жалғағыш элемент ілгектің немесе карабиннің ысырмасына (A) салмақ түсірген кезде қауіпті
жағдай туындауы мүмкін. Бұндай салмақтың себебінен ысырма ашылып (B), ілгектің немесе карабиннің жалғау нүктесінен
(C) ажыратылуына себеп болуы мүмкін.
2.7.
ҚОСЫЛЫМДАР ЖАСАУ. Осы жабдықпен пайдаланылатын ілмектер мен карабиндер өздігінен құлыпталатын болуы
тиіс. Барлық жалғанған жерлердің өлшемдері, пішіні және беріктігі үйлесімді болғанына көз жеткізіңіз. Үйлеспейтін
жабдықты пайдалануға болмайды. Барлық жалғағыштар толығымен жабық және құлыптаулы екеніне көз жеткізіңіз. 3M
жалғағыштары (бекітілетін ілмектер және карабиндер) тек өнімнің пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей пайдалану
үшін жобаланған. Дұрыс жалғамаудың мысалдарын 6-суреттен қараңыз. Ілмектерді және карабиндерді келесі жағдайларда
жалғауға болмайды:
A.
Басқа жалғағыш бекітілген D пішіндес сақинаға жалғау.
B.
Ысырмаға күш түсіретін жолмен жалғау. Ілгек 16 кН (3600 фунттық) ысырмамен жабдықталған жағдайларды есепке
алмағанда, ауызы үлкен ілмектерді стандартты өлшемдегі D пішіндес сақиналарға немесе соған ұқсас заттарға жалғауға
болмайды, себебі ілмек немесе D пішіндес сақина бұралған немесе айналған кезде ол ысырмаға күш түсіреді. Ілгектің
қолдану нұсқасына сәйкес келуін-келмеуін тексеру үшін ілгектегі таңбаны қараңыз.
C.
Дұрыс бекітілмей, ілгектен немесе карабиннен шығып тұратын бөліктер анкерлік бекіткішке ілінетін жағдайда және
визуалды растаусыз анкерлік бекіту нүктесіне толық бекітілген болып көрінген жағдайда.
D.
Бір-біріне жалғау.
E.
Тікелей тоқыма бауға, арқан белдігіне немесе арқандық ілмекке жалғау (екі арқанға және жалғағышқа арналған
өндірушінің нұсқаулығында бұндай қосылымға рұқсат етілген жағдайларды есепке алмағанда).
F.
Ілмектің немесе карабиннің жабылуына немесе құлыпталуына мүмкіндік бермейтін және шығып кетуі мүмкін пішіндегі
немесе өлшемдегі кез келген затқа жалғау.
G.
Салмақ түскен кезде жалғағыштың тиісті түрде туралануына мүмкіндік бермейтін жолмен жалғау.
Қолданыс түрі
Пайдалану мысалдары
Сирек - жеңіл
Құтқару және тар кеңістік,
зауыттық қызмет көрсету
Орташа - ауыр
Тасымалдау, тұрғын үй құрылысы,
инженерлік желілер, қойма
Ауыр - үздіксіз
Коммерциялық құрылыс,
мұнай-газ, тау-кен
1 Білікті маман.
жұмыс беруші тарапынан тағайындалып, құлау қаупі бар жұмыс орындарында қызмет атқаратын тұлға.
2 Құтқарушы.
құтқару жүйесінің көмегімен апаттық-құтқару жұмыстарын орындайтын, құтқарылатын тұлғадан басқа адам немесе адамдар.
3 Білікті маман.
жұмыс беруші ұйымдастырған құлаудан қорғау бағдарламасын бақылау, жүзеге асыру және қадағалауға жауапты тұлға ретінде жұмыс
беруші тарапынан тағайындалатын, алған білімінің көмегімен нақты және ықтимал құлау қауіптерін анықтауға, бағалауға және оны жоюға қабілетті, жұмыс
берушінің осындай қауіп-қатерлерге қатысты жедел шара қолдануға өкілеттік алған адам.
немесе құтқарушы
1
кем дегенде жыл сайын тексеріп отыруы қажет. Жұмыс
3
Кесте 2 – Тексеру жоспары
Пайдалану шарттары
Жақсы сақтау шарттары, ғимарат ішінде немесе сирек
жағдайларда далада қолдану, бөлме температурасы,
таза орталар
Орташа сақтау шарттары, ғимараттың ішінде және ұзақ
уақыт далада қолдану, барлық температуралар, таза
немесе шаңды орталар
Ауыр сақтау шарттары, ұзақ уақыт немесе үздіксіз
далада қолдану, барлық температуралар, лас орта
138
Әр қолданыс алдында (2-кестені
2
Тексеру жиілігі
Білікті тұлға
Жыл сайын
Жарты жыл - бір жыл
Тоқсан сайын - жарты
жыл сайын
сайын

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

31038673103877

Tabla de contenido