All manuals and user guides at all-guides.com
13. Станина берік бекітілгенін тексеріңіз.
5.1.5 Біріктірілген тірек тақтасы бар станинадағы бұрғыны еңкейту бұрышын өзгерту
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі Саусақтарыңызды топсаларға қысып алу қаупі бар.
▶ Қорғаныс қолғаптарын киіңіз.
1. Сүйеніштің жоғарғы жағындағы және бағыттауыштың шарнирлі қосылымының астыңғы жағындағы
бұрандаларды босатыңыз.
2. Бағыттауышты қажетті күйге орнатыңыз.
3. Сүйеніштің жоғарғы жағындағы және бағыттауыштың шарнирлі қосылымының астыңғы жағындағы
бұрандаларды бағыттауышқа берік бекітіңіз.
5.1.6 Бағыттауышты ұзарту
Нұсқау
Бұрғылап тесу үшін бұрғылау коронкаларын немесе жалпы ұзындығы ең көбі 650 мм-ден
(25 1/2 дюйм) аспайтын ұзартылған бұрғылау коронкаларын пайдалануыңыз керек.
Бағыттауыштың соңында тереңдік шектегіші құрастырылады.
Бағыттауыш ұзартқышын бөлшектеуден кейін қақпақты (ендірілген соңындағы тірегі бар)
станинаға орнату керек. Шеткі тіреуіш функциясына кепілдік берілмейді.
1. Бағыттауыштың жоғарғы шетіндегі (кірістілген шектік шектегішпен) қақпақты алып тастаңыз.
2. Қақпақты ұзартқыш бағыттауышқа орнатыңыз.
3. Ұзартқыш бағыттауыштың цилиндрін станинаның бағыттауышына енгізіңіз.
4. Эксцентрикті бұрау арқылы ұзартқыш бағыттауышты бекітіңіз.
5.1.7 Аралық бөлшекті орнату
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі. Бекіткішке шамадан тыс жүктеме түсуі мүмкін.
▶ Бір не бірнеше аралық бөлшек қолданылған кезде, бекіткішке жүктеме түсірмеу үшін қысу
күші азайтылуы тиіс.
Нұсқау
Бұрғылау коронкасының диаметрі >300 мм (>11 1/2 дюйм) болғанда, бұрғылау осі мен станина
арасындағы қашықтық бір не екі аралық бөлшекпен ұзартылуы тиіс. Аралық бөлшекті қолданғанда
тесік ортасының көрсеткіштерін қолдану мүмкін емес.
Алмасты бағаналы бұрғы білдек аралық бөлшекті орнатқан кезде орнатылмайды.
1. Жылжыманы бағыттауышқа тиісті бекіту құрылғысының көмегімен бекітіңіз.
2. Алмасты бағаналы бұрғы білдекті жылжымаға бекіту үшін эксцентрикті сыртқа тартып шығарыңыз.
3. Аралық бөлшекті жылжымаға орналастырыңыз.
4. Эксцентрикті жылжыманың ішіне тірелмегенше жылжытыңыз.
5. Эксцентрикті бекемдеңіз.
6. Аралық бөлшектің берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
5.1.8 Алмасты бағаналы бұрғы білдекті станинаға бекіту
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі Алмасты колонкалы бұрғының күтілмеген іске қосылуынан қауіп.
▶ Алмасты колонкалы бұрғы жөндеу барысында электр қуаты желісіне қосылмаған болуы
керек.
1. Жылжыманы бағыттауышқа тиісті бекіту құрылғысының көмегімен бекітіңіз.
2. Алмасты бағаналы бұрғы білдекті жылжымаға бекіту үшін эксцентрикті сыртқа тартып шығарыңыз.
468
Қазақ
Printed: 02.11.2017 | Doc-Nr: PUB / 5145256 / 000 / 04
9
10
11
8