Hilti DD 350 Manual Del Usuario página 479

Ocultar thumbs Ver también para DD 350:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 92
All manuals and user guides at all-guides.com
3. Алмасты бағаналы бұрғы білдекті жылжымаға немесе аралық бөлшекке орналастырыңыз.
4. Эксцентрикті жылжыманың немесе аралық бөлшектің ішіне тірелмегенше жылжытыңыз.
5. Эксцентрикті бекемдеңіз.
6. Желілік кабельді жылжыма қақпағындағы кабель ұстағышына бекітіңіз.
7. Алмасты бағаналы бұрғы білдектің станинаға берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
5.1.9 Су берілісін орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Адамдар мен материалға қауіп Шланг қате қолданыстан бұзылуы мүмкін.
▶ Шлангілерде зақымдардың жоқтығын уақытылы тексеріп отырыңыз. Олардағы максималды
қысым 6 бардан аспауын қадағалаңыз.
▶ Құбыршектің айналмалы бөлшектермен қақтығысып қалуына жол бермеңіз.
▶ Күймешені беру кезінде құбыршектің зақымданып қалмауын қадағалаңыз.
▶ Максималды су температурасы: 40°C.
▶ Су жүйесінің берік қосылғанын тексеріңіз.
Нұсқау
Аспап элементтерінің зақымдалуын болдырмау үшін тек тұщы суды немесе лас бөлшектері жоқ
суды қолданыңыз.
Керек-жарақ ретінде аспап пен су берілісі арасындағы ағын индикаторын орнатуға болады.
1. Алмасты бағаналы бұрғы білдектегі су берілісін жабыңыз.
2. Суды жіберу желісін қосыңыз (шланг қосылымы).
5.1.10 Су ұстау жүйесін (керек-жарақ) құрастыру
ЕСКЕРТУ
Адамдар мен материалға қауіп Алмасты бағаналы бұрғы білдек зақымдалуы мүмкін және бұл
ток соғу қаупін арттырады.
▶ Су қозғалтқыш пен қорғаныс қақпағы бойынша ақпауы тиіс.
▶ Үстінен бұрғылау үшін ылғалды сорғышты пайдалану міндетті болып табылады.
Нұсқау
Алмасты бағаналы бұрғы білдек төбеге 90° бұрышта орналасуы керек. Су жинағыш жүйесінің
тығыздатқышы алмас бұрғылау коронкасының диаметріне сай келуі тиіс.
Нұсқау
Суды ұстау жүйесі жұмыс орнын ластамастан, судың коронкадан кетуіне мүмкіндік береді. Ең
жақсы нәтижеге ылғалды шаңсорғышпен бірге қол жеткізуге болады.
Нұсқау
Станинаны пайдаланған кезде: Су ұстау жүйесін орнату алдында су ұстау жүйесіне арналған
аралық бөлшекті станинаға берік бұрып бекітіңіз.
1. Станинадағы бұранданы бағыттауыштың астындағы алдыңғы қабырғасынан бұрап босатыңыз.
2. Су жинағыштың ұстағышын астынан бұранданың артына жылжытыңыз.
3. Бұранданы бекемдеңіз.
4. Су коллекторын екі қозғалмалы кронштейн арасындағы ұстағышқа орнатылған тығыздатқышпен
және су жинағыш жүйесінің тығыздатқышымен орнатыңыз.
5. Су коллекторын екі бұрандамен ұстағышқа бекітіңіз.
6. Су коллекторына ылғалды шаңсорғышты қосыңыз немесе су ағатын тармақтар жүйесін орнатыңыз.
Printed: 02.11.2017 | Doc-Nr: PUB / 5145256 / 000 / 04
12
Қазақ
469

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido