Descargar Imprimir esta página

Іске Қосу Алдынан; Бұйымды Іске Қосу - Kärcher K 2 Compact Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para K 2 Compact:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 47
———————————————––––
Жинақта қамтылмаған
20 Су ағыны шлангісі
Матамен күшейтілген су шлангісі
стандартты муфтамен қолданылады.
Диаметрі ең кемі 13 мм (1/2 дюйм),
ұзындығы ең кемі 7,5 м.
Іске қосу алдынан
Бұйым керек-жарақтарын орнату
Іске қосу алдында бұйымның бос
қосалқы бөліктерін орнатыңыз.
Сурет
 Тасымалдау тұтқасын бекемдеңіз.
Сурет
 Жоғары қысымды шлангіге арналған
қысқышты қол бүріккішінен тартып
шығарыңыз (мысалы, кілтекті
бұрандалармен).
Сурет
 Жоғары қысымды шлангіні қол
бүріккішіне жалғаңыз.
 Қысқышты дыбыспен бекітілмегенше
басып салыңыз. Жоғары қысымды
шлангідегі тартылысты тексеру
кезінде сақ болыңыз.
Сурет
 Бұйымның муфтасы мен су жеткізу
жерін бекітіңіз.
Су беру жүйесі
Байланыс мəліметтерін Түр тақтасы/
техникалық мəліметтер бөлімінде
қараңыз.
Су беру мекемесінің нұсқауларын
орындаңыз.
Сақтандыру
Қолданылатын заңды ережелерге
сəйкес, іріктеу жүйесі жоқ бұйым
ешқашан ас су жүйесінде
қолданылмауы тиіс. Міндетті түрде
KÄRCHER компаниясы мақұлдаған
іріктеу жүйесі немесе EN 12729, BA
түрі талаптарына сай келетін іріктеу
жүйесі қолданылуы тиіс.
Іріктеу жүйесі арқылы алынған су ауыз
су ретінде қарастырылмайды.
Назар аударыңыз
Іріктеу жүйесін əрқашан су беру
жүйелеріне, ешқашан бұйымға тікелей
қоспаңыз.
Назар аударыңыз
Судағы қоспалар жоғары қысымды
сорғышқа жəне керек-жарақтарға
зақым келтіруі мүмкін. Қорғаныс үшін
KÄRCHER су сүзгісін (қосымша керек-
жарақ, тапсырыс нөмірі 4.730-059)
пайдалану ұсынылады.
Бұйымды іске қосу
Назар аударыңыз
2 минуттан артық құрғақ күйдегі
жұмыс жоғары қысымды сорғыштың
зақымдалуына апарып соғады.
Бұйымды 2 минут ішінде қысымсыз
қалпына келтіріңіз, бұйымды өшіріңіз
жəне "Ақаулықтар бойынша анықтама"
бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.
Сурет
 Жоғары қысымды шлангіні
бұйымның жоғары қысымды
ұяшығына жалғаңыз.
Сурет
 Су ағыны шлангісін су жеткізу
жеріндегі муфтаға орнатыңыз.
Нұсқау: Су жіберу шлангісі
бұйыммен бірге сатылмайды.
 Су ағыны шлангісін су беру жүйесіне
жалғаңыз.
 Құбыр кранын толығымен ашыңыз.
 Электр ашасын электр розеткасына
салыңыз.
 Бұйымды "I/ON" күйіне
ауыстырыңыз.
 Қол бүріккішінің иінтірегін құлыптан
босатыңыз.
 Иінтіректі тартыңыз да, бұйым
қосылады.
Су көпіршіксіз қол бүріккішіне
шығарылмағанша бұйымды жұмыс
істетіңіз (макс. 2 минут).
 Қол бүріккішінің иінтірегін босатыңыз.
Нұсқау: Иінтірек босатылғаннан
кейін бұйым өшіріледі. Жүйедегі
жоғары қысым сақталады.
 Қол бүріккішінің иінтірегін
құлыптаңыз.
– 7
KK
Автотовари «130»
237

Publicidad

loading