Bosch GTS 254 Professional Manual Original página 265

Ocultar thumbs Ver también para GTS 254 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 51
қаптамадағы көрсеткі бағытына сәйкес келгеніне
көз жеткізіңіз!
– Қысқыш фланецті (55), салмалы шайбаны (57) және
алты қырлы бұранданы (56) орнатыңыз.
– Алты қырлы бұранданы (56) шеңберлік кілтпен (35)
сағат тілінің бағытымен бұрап тартыңыз, бұл ретте
жамылғыш кілтпен (36) қысқыш фланецті қарсы ұстап
тұрыңыз.
– Үстел ендірмесін (8) қайтадан орнатыңыз.
– Қорғаныш қаптаманы (6) алға қайырыңыз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ара дискісінің тасымалдау және жұмыс күйі
Тасымалдау күйі
– Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастап, үстел
ендірмесін (8) алып тастаңыз және сынаны (27) ең
төменгі күйге орналастырыңыз. Үстел ендірмесін (8)
қайтадан орнатыңыз.
– Қос иінді (17) сағат тілінің бағытына қарсы ара
дискісінің (28) тістері аралау үстелінің (4) астында
тұрғанша бұраңыз.
– Аралау үстелінің кеңейтімін (10) толығымен ішке
қарай жылжытыңыз.
Қысқыш тұтқаны (20) төмен қарай итеріңіз. Сонда
аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Жұмыс күйі
– Сынаны (27) ара дискісі ортасының тура үстінен ең
жоғарғы күйде орналастырыңыз, үстел ендірмесін (8)
орнатыңыз және қорғаныш қаптаманы (6)
монтаждаңыз.
– Қос иінді (17) ара дискісінің (28) жоғарғы тістері
дайындамадан шамамен 3 − 6 мм-ге жоғары болғанша
сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Тік және көлденең еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Тік еңіс бұрышын реттеу (ара дискісі) (A суретін
қараңыз)
Тік еңіс бұрышын 0° және 45° аралығындағы диапазонда
реттеуге болады.
– Бекіткіш иінтіректі (16) сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап босатыңыз.
Нұсқау: бекіткіш иінтірек толық босатылғанда, ара
дискісі тарту күшінің арқасында шамамен 30°-қа тең
күйге аударылады.
– Сермерді (18) бұрыш индикаторы (59) қажетті тік еңіс
бұрышын көрсеткенше кулиса бойымен тартыңыз.
– Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі
(16) қайтадан бекітіңіз.
Bosch Power Tools
0° және 45° стандартты бұрыштарды жылдам әрі дәл
реттеу үшін зауытта орнатылған тіректер ((24), (22))
қолданылады.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (бұрыштық тірек)
(B суретін қараңыз)
Көлденең еңіс бұрышын 30° (сол жақ) және 30° (оң жақ)
аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
– Бекіткіш бастиек (60) тартылған болса, оны
босатыңыз.
– Бұрыштық тіректі бұрыш индикаторы (61) қажетті еңіс
бұрышын көрсеткенше бұраңыз.
– Бекіткіш бастиекті (60) қайтадан тартыңыз.
Аралау үстелін үлкейту
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Аралау үстелінің кеңейтімі (C суретін қараңыз)
Аралау үстелінің кеңейтімі (10) аралау үстелін (4) оңға
қарай ең көбі 950 мм шамасына кеңейтеді.
– Аралау үстелінің кеңейтіміне арналған қысқыш
тұтқаны (20) толығымен жоғары қарай тартыңыз.
– Аралау үстелінің кеңейтімін (10) қажетті ұзындыққа
дейін сыртқа қарай тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (20) төмен қарай итеріңіз. Сонда
аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Параллель тіректі реттеу
Параллель тіректі (9) ара дискісінің сол немесе оң
жағына орналастыруға болады. Лупадағы (62) белгі
шкаладағы (1) параллель тірек пен ара дискісінің
реттелген арақашықтығын көрсетеді.
Параллель тіректі ара дискісінің қажетті жағына
орналастырыңыз (қараңыз „Параллель тіректі монтаждау
(f суретін қараңыз)", Бет 263).
Параллель тіректі тартылмаған
аралау үстелінде реттеу
– Параллель тіректің (9) қысқыш тұтқасын (43)
босатыңыз. Параллель тіректі лупадағы (62) белгі ара
дискісіне дейінгі қажетті арақашықтықты көрсеткенше
жылжытыңыз.
Аралау үстелі тартылмаған жағдайда, шкаланың (1)
жазбасы жарамды болады.
– Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (43) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
Параллель тіректі тартылған
аралау үстелінде реттеу (D суретін қараңыз)
– Параллель тіректі ара дискісінің оң жағында
орналастырыңыз.
Параллель тіректі лупадағы (62) белгі шкалада (1)
28 см көрсеткенше жылжытыңыз.
Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (43) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
– Аралау үстелінің кеңейтіміне арналған қысқыш
тұтқаны (20) толығымен жоғары қарай тартыңыз.
Қазақ | 265
1 609 92A 72F | (13.10.2021)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido