Негізгі Реттеулерді Тексеру Және Реттеу - Bosch GTS 254 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GTS 254 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 51
ұштықтары қатты қызып, дайындамға зақым келтіруі
мүмкін.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
Тік еңіс бұрышында аралау
– Ара дискісінің қажетті тік еңіс бұрышын орнатыңыз.
Ара дискісі солға еңкейтілген жағдайда, параллель
тірек (9) ара дискісінен оң жақта орналасуы тиіс.
– Жұмыс қадамдарын сәйкесінше орындаңыз: (қараңыз
„Түзу кесіктерді аралау", Бет 266)
Көлденең еңіс бұрышында аралау (H суретін
қараңыз)
– Қажетті көлденең еңіс бұрышын бұрыштық тіректе (3)
орнатыңыз.
– Дайындаманы профильдік тіреуішке (50) қойыңыз.
Профиль кесік сызығында болмауы тиіс. Осы
жағдайда қатпарлы гайкаларды (51) босатып,
профильдік тіреуішті жылжытыңыз.
– Ара дискісін қос иіннің (17) көмегімен, ара дискісінің
(28) жоғарғы тістері дайындамадан шамамен 3−6 мм-
ге жоғары болғанша көтеріңіз немесе түсіріңіз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Дайындаманы бір қолмен профильдік тіреуішке (50)
қарай итеріп, бұрыштық тіректі басқа қолмен реттегіш
бастиегінен (60) бағыттауыш ойық (3) ішіне баяу алға
қарай жылжытыңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
0°/45° тік стандартты еңіс бұрышына арналған
тіректерді реттеу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Ара дискісінің 0° шамасындағы тік еңіс бұрышын
реттеңіз.
Тексеру (I1 суретін қараңыз)
– Бір бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны
аралау үстеліне (4) қойыңыз.
Бұрыштық калибрдің бір жағы бүтін ұзындығымен ара
дискісінде (28) жатуы керек.
Реттеу (I2 суретін қараңыз)
– Бұранданы (64) босатыңыз. Осылайша 0° тіректі (24)
жылжытуға болады.
– Бекіткіш иінтіректі (16) босатыңыз.
– Сермерді (18) бұрыштық калибрдің иіні ара
дискісімен бүкіл ұзыдығы бойынша бірге тұрғанша 0°
тірекке қарай жылжытыңыз.
Bosch Power Tools
– Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі
(16) қайтадан бекітіңіз.
– Бұранданы (64) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер бұрыш индикаторы (59) реттегеннен кейін
шкаланың (23) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса,
бұранданы (65) стандартты крест ойықты бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
Жоғарыдағы жұмыс қадамдарын 45° шамасындағы тік
еңіс бұрышы үшін сәйкесінше қайталаңыз (бұранданы
(66) босату; 45° тіректі (22) жылжыту). Бұл ретте бұрыш
индикаторын (59) қайтадан реттеу мүмкін емес.
Ара дискісінің бұрыштық тіректің бағыттауыш
ойықтарымен параллельдігі (J суретін қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Тексеру
– Қарындашпен үстел ендірмесі арқылы артта көрінетін
бірінші сол жақ ара тісін белгілеңіз.
– Бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны
бағыттауыш ойықтың (5) шетіне қойыңыз.
– Бұрыштық калибр иінін белгіленген ара тісіне тигенше
жылжытыңыз да, ара дискісі мен бағыттауыш ойық
арақашықтығын оқып алыңыз.
– Ара дискісін белгіленген тіс үстел ендірмесінің
алдында тұрғанша бұраңыз.
– Бұрыштық калибрді бағыттауыш ойық бойымен
белгіленген ара тісіне дейін жылжытыңыз.
– Ара дискісі мен бағыттауыш ойық арақашықтығын
өлшеңіз.
Өлшенген арақашықтықтардың екеуі де бірдей болуы
тиіс.
Реттеу
– Аралау үстелінің алдыңғы жағындағы алты қырлы
дөңбек бұрандаларды (67) және аралау үстелінің
артқы жағындағы алты қырлы дөңбек бұрандаларды
(68) алты қырлы дөңбек кілтпен босатыңыз.
– Ара дискісін бағыттауыш ойықпен (5) параллель
тұрғанша мұқият жылжытыңыз.
– Барлық (67) және (68) бұрандаларын қайтадан
мықтап тартыңыз.
Аралау үстелінің арақашықтық индикаторын реттеу
(K суретін қараңыз)
– Параллель тіректі ара дискісінің оң жағында
орналастырыңыз.
Параллель тіректі лупадағы (62) белгі астыңғы
шкалада 28 см көрсеткенше жылжытыңыз.
Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (43) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
– Қысқыш тұтқаны (20) толығымен жоғары қарай
тартып, аралау үстелінің кеңейтімін (10) тірелгенше
сыртқа қарай тартыңыз.
Тексеру
Арақашықтық индикаторы (63) шкалада (2) шкаладағы
(1) лупадағы (62) белгімен бірдей мәнді көрсетуі тиіс.
Қазақ | 267
1 609 92A 72F | (13.10.2021)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido