Техникалық Күтім Және Қызмет; Қызмет Көрсету Және Тазалау - Bosch GTS 254 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GTS 254 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 51
268 | Қазақ
Реттеу
– Аралау үстелінің кеңейтімін (10) тірелгенше сыртқа
тартыңыз.
– Бұранданы (69) крест ойықты бұрауышпен босатып,
арақашықтық индикаторын (63) жоғарғы шкаланың
(1) 28 cм белгісінің бойымен туралаңыз.
Параллель тіректің параллельдігін реттеу (L суретін
қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Кері соққы құлпын (7) алып тастап, қорғаныш
қаптаманы (6) артқа қайырыңыз.
– Параллель тіректің қысқыш тұтқасын (43) босатып,
ара дискісіне тигенше жылжытыңыз.
Тексеру
Параллель тірек (9) ара дискісіне бүкіл ұзындығы
бойынша тиіп тұруы керек.
Реттеу
– Алты қырлы дөңбек бұрандаларды (70) алты қырлы
дөңбек кілттің көмегімен босатыңыз.
– Параллель тіректі (9) бүкіл ұзындығы бойынша ара
дискісіне тигенше мұқият жылжытыңыз.
– Параллель тіректі осы күйде ұстап тұрып, қысқыш
тұтқаны (43) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
– Алты қырлы дөңбек бұрандаларды (70) қайтадан
мықтап тартыңыз.
Параллель тіректің лупасын реттеу (L суретін
қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Кері соққы құлпын (7) алып тастап, қорғаныш
қаптаманы (6) артқа қайырыңыз.
– Параллель тіректі (9) ара дискісіне тигенше оң жақтан
жылжытыңыз.
Тексеру
Лупаның (62) белгісі шкаланың (1) 0 мм белгісімен бір
сызықта болуы керек.
Реттеу
– Бұранданы (71) жеткізілім жиынтығындағы крест
ойықты бұрауышпен босатып, белгіні 0 мм белгісімен
туралаңыз.
Сақтау және тасымалдау
Құрылғы элементтерін сақтау (M − N суреттерін
қараңыз)
Сақтау үшін электр құралы белгілі бір құрылғы
элементтерін нық бекітуге мүмкіндік береді.
– Қосымша параллель тіректі (47) параллель тіректен
(9) босатыңыз.
– Барлық бос құрылғы бөліктерін олардың корпустағы
сақтау ұяшықтарына салыңыз (төмендегі кестені
қараңыз).
Сур
Құрылғы
Сақтау ұяшығы
ет
элементі
M
Шеңберлік кілт
құрал ұяшығына (33) енгізу
(35)
1 609 92A 72F | (13.10.2021)
Сур
Құрылғы
Сақтау ұяшығы
ет
элементі
M
Жамылғыш кілт/
құрал ұяшығына (33) енгізу
айыр тәрізді кілт
(36)
M
Кері соққы құлпы
құрал ұяшығына (33) енгізу
(7)
M
Бұрыштық тірек
ұяшықтағы (29) ұстағыштарға
(3) пен
кіргізу
профильдік
тіреуіш (50)
N
Параллель тірек
құрал ұяшығына (12) салу
(9) пен
монтаждалатын
қосымша
параллель тірек
(47)
N
Жылжыту таяғы
құрал ұяшығына (21) енгізу
(15)
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Тазалау
Әрбір жұмыс қадамынан кейін сығылған ауамен үрлеп
шығару немесе қылшақтың көмегімен шаңды және
жоңқаны кетіріңіз.
Электр құралын майлау
Майлағыш:
SAE 10/SAE 20 мотор майы
– Қажет болса, электр құралының
көрсетілген жерлерін майлаңыз.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Майлағыш пен тазалағыш заттарды қоршаған орта
үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату қажет. Заңды
нұсқамалтарды орындаңыз.
Шуылды төмендетуге арналған шаралар
Өндіруші шаралары:
– Жұмысты бірқалыпты бастау
– Шуылды төмендету үшін арнайы құрастырылған ара
дискісімен жеткізу
Пайдаланушы шаралары:
– Тұрақты жұмыс аймағында дірілсіз орнату
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido