Жұмыс Құралын Ауыстыру - Bosch GBH 18V-26 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GBH 18V-26 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 34
186 | Қазақ
Қосымша тұтқаның кергіш таспасы корпустағы арнайы
ойықта болғанына көз жеткізіңіз.
Бұрғылау патроны мен құралдарды таңдау
Перфоратормен бұрғылау және ою үшін SDS-plus аспап
патронына салынатын SDS-plus аспаптары керек болады.
Ағаш, металл, керамика және пластикті соққысыз
бұрғылау, сондай-ақ құралдарды SDS-plus мүмкіндігінсіз
бұрғылау (мысалы, цилиндрлік сағасы жоқ бұрғылар)
үшін пайдаланылады. Осы аспаптар үшін жылдам қысу
бұрғылау патроны немесе тісті тәждік бұрғылау патроны
қажет.
Бұрғылау патронын алмастыру
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату/шығару
GBH 18V-26
Құралдармен SDS-plus құралынсыз жұмыс істеу үшін
(мысалы, цилиндрлік сағасы бар бұрғылар) тиісті
бұрғылау патронын орнатуыңыз керек (мысалы, тісті тәж
немесе жылдам ауыстырылатын бұрғылау патроны,
керек-жарақтар).
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату (B суретін
қараңыз)
– SDS-plus бекіткіш білігін (23) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронына (22) бұрап орнатыңыз. Тісті
тоғыны бар бұрғылау патронын (22) бекіткіш
бұрандамен (21) бекітіңіз. Бекіткіш бұранданың сол
жақ ирек оймасы бар болуын қадағалаңыз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын енгізу
(B суретін қараңыз)
– Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап
майлаңыз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын өздігінен
құлыптанғанша бекіткіш білікпен құрал бекіткішіне
бұрап енгізіңіз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының бекітілуін
тартып тексеріңіз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын шығару
– Бекіткіш төлкені (5) артқа жылжытып, тісті тоғыны бар
бұрғылау патронын (22) шығарып алыңыз.
Аустырмалы бұрғылау патронын шығару/орнату
GBH 18V-26 F
Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығару (C суретін
қараңыз)
– Ауыстырмалы бұрғылау патронының құлыптау
сақинасын (6) артқа тартып, оны осы күйде ұстап
тұрыңыз және SDS-plus ауыстырмалы бұрғылау
патронын (2) немесе ауыстырмалы жылдам қысқыш
бұрғылау патронын (1) алға тартып шығарыңыз.
– Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығарғаннан кейін
кірден тазалап шығыңыз.
Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнату (D суретін
қараңыз)
Тек үлгіге тән түпнұсқа жабдықтарды
u
пайдаланыңыз және ортаға дәлдеу ойықтарының
1 609 92A 6GA | (10.02.2022)
(25) санына назар аударыңыз. Тек қана екі немесе
үш ортаға дәлдеу ойығы бар ауыстырмалы
бұрғылау патронын пайдалануға рұқсат етіледі.
Осы электр құралы үшін жарамсыз ауыстырмалы
бұрғылау патроны пайдаланылса, алмалы-салмалы
аспап жұмыс істеу кезінде шығып түсуі мүмкін.
– Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнатудан бұрын
тазалап, салынатын ұшын аздап майлаңыз.
– SDS-plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) немесе
ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1)
алақанмен ұстаңыз. Ауыстырмалы бұрғылау патронын
шерту дыбысы анық естілгенше бұрғылау патронының
бекіткішіне (24) бұрап кіргізіңіз.
– Ауыстырмалы бұрғылау патроны автоматты түрде
бекітіледі. Ауыстырмалы бұрғылау патронының
бекітілуін тарту арқылы тексеріңіз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (4) жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді.
Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың
(4) зақымдалмағанын тексеріңіз.
Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
Құралды алмастыру (SDS-plus)
SDS plus алмалы-салмалы аспабын енгізу (E
суретін қараңыз)
SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты
жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай
алмастыру мүмкін.
– GBH 18V-26 F: SDS-plus ауыстырмалы бұрғылау
патронын (2) енгізіңіз.
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне автоматты
түрде бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралдың бекітілуін тарту арқылы тексеріңіз.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос
қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда
болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені
бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын шығару (F суретін
қараңыз)
– Бекіткіш бұранданы (5) артынан жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының құралын
алмастыру
GBH 18V-26
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (G суретін қараңыз)
Ескертпе: SDS-plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау
немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus жоқ
құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен
бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (22) енгізіңіз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gbh 18v-26 f professional

Tabla de contenido