Батарея индикаторы 2 рет жасыл болып жыпылықтағанын
көрсеңіз және 3 дыбысты төмен-жоғары деңгейде естісеңіз,
мүмкіндіктің іске қосылғанын білдіреді
НЕМЕСЕ
Батарея индикаторы 1 рет сары болып жыпылықтағанын
көрсеңіз және 3 дыбысты жоғары-төмен деңгейде естісеңіз,
мүмкіндік өшірілген.
Зарядтау және батарея күйі
Зарядтау
Ескертпе: Easy-Start мүмкіндігін бастапқы
жылдамдықты арттыру кезеңінен кейін
пайдаланбаған дұрыс, одан Sonicare щеткасының
қалдық қабатты кетіру тиімділігі төмендейді.
Бұл Philips Sonicare тіс щеткасы толығымен
зарядталған батареяда әрқайсысы 2 минуттай
болатын кемінде 28 тазалау мүмкіндігімен
қамтамасыз етеді (егер күніне екі рет пайдаланылса,
14 күнге жетеді). Батарея индикаторы 2 минуттық
тазалау сеансын аяқтаған кездегі, тіс щеткасын
кідірткендегі немесе ол зарядталып жатқан кездегі
батареяның күйін көрсетеді.
Ескертпе: Алғаш пайдалану алдында батареяны
толық зарядтауға 24 сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін,
бірақ Philips Sonicare тіс щеткасын толық зарядтамай
тұрып пайдалануға болады.
USB зарядтау
Ескертпе: Сатып алынған үлгіге байланысты
қамтылған аксессуарлар өзгеше болуы мүмкін.
561
Қазақша