– Алты қырлы дөңгелек кілт20
– Алты қырлы кілт 21
(лазер қорғау қалпақшасының 27 астында)
– Бұрандалы қысқыш 22
Ескертпе: Электр құралын зақымданулар барлығына
тексеріңіз.
Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар
немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және
дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөлектер кедергісіз
істеуін және қысылмауын немесе бөліктер
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәй болуы керек.
Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Жинақтан тыс керекті аспаптар:
– Крест тәрізді бұрауыш
– Сомын кілті (өлшемі: 8 мм)
– Жаппа, айыр тәрізді немесе дөңбек кілт (өлшемдер:
10 мм мен 17 мм)
Реттеу тетігін орнату (а суретін қараңыз)
– Реттеу тетігін 15 тиісті тесікке 16 тұтқышының үстінде
бұрап бекітіңіз.
Бекіту басын 15 аралаудан алдын әрдайым бекем
бекітіңіз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы
мүмкін.
Қатты немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.
Жұмыс аймағында орнату (b1 суретін қараңыз)
– Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс
аймағында бекітіңіз. Ол үшін 12 ойықтары көмектеседі.
Bosch жұмыс үстелінде орнату
(GTA 2500 W, GTA 3700, GTA 3800)
(b2 суретін қараңыз)
Bosch фирмасының GTA жұмыс үстелдері электр
құралдарын биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген
табанда бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама
тіреуіштері ұзын дайындамаларды тіреуге арналған.
Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер
мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен
нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі
мүмкін.
Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Bosch Power Tools
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының
шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат,
ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жеке шаңсору (с суретін қараңыз)
Жоңқаларды ұстау үшін жинақтағы шаң қабын 1
пайдаланыңыз.
Шаң қабын әрбір пайдаланудан соң тексеріп
тазалаңыз.
Өрт қауіпін алдын алу үшін алюминийді аралауда
шаң қабын алып қойыңыз.
– Шаң қабын 1 сорғыш адаптерге 2 сорғыш адаптердің
істігі шаң қабының тесігіне кіртеін етіп салып бұраңыз.
Шаң қабы мен сорғыш адаптер аралау кезінде әрекет
жасап тұрған аспап бөліктеріне тимеуі тиіс.
Шаң қабын уақтылы босатыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін сорғыш адаптерге 2 шаңсорғыш шлангін
(Ø 35 мм) қосу мүмкін.
– Шаңсорғыштың шлангін сорғыш адаптерге 2 салыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Сорғыш алаптерді тазалау
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін 2
жүйелі түрде тазалап тұру керек.
– Сорғыш адаптерді 2 бұрап жоңқа шығатын жерден 41
шығарыңыз.
– Дайындаманың снықтары мен жоңқаларын алып
қойыңыз.
– Сорғыш адаптерді бұрап жоңқа шығатын жерге жоғқа
шығатын жерлің ұстау сақинасының жоғарысында
тірелгенше бұрап басыңыз.
Қaзақша | 315
1 609 92A 0XN | (13.10.14)