Descargar Imprimir esta página

Bosch Professional GTS 10 J Manual Original página 302

Ocultar thumbs Ver también para Professional GTS 10 J:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 60
302 | Қазақ
– Бағыттауыш болтты (38) артқа қарай сынадағы (7)
ойыққа жылжытыңыз.
– Қорғаныш қаптаманы (6) ара дискісінің қорғанысы
(жоғарғы металл шинасы) аралау үстеліне (8)
параллель болғанша төмен қарай бағыттаңыз.
– Қыспа иінтіректі (37) төмен қарай итеріңіз. Қыспа
иінтіректің тіркелуі сезіліп естілуі тиіс және қорғаныш
қаптама (6) берік және сенімді түрде орнатылуы тиіс.
Әр пайдалану алдында қорғаныш қаптаманың
u
кедергісіз жылжығанын тексеріңіз. Қорғаныш
қаптама еркін қозғалмаса және бірден жабылмаса,
электр құралын пайдаланбаңыз.
Параллель тіректі монтаждау (d суретін қараңыз)
Параллель тіректі (9) ара дискісінің сол немесе оң
жағында орналастыруға болады.
– Параллель тіректің (9) қысқыш тұтқасын (39)
босатыңыз. Осылайша V тәрізді бағыттауыш (40)
босатылады.
– Алдымен параллель тіректі V тәрізді бағыттауышпен
аралау үстелінің бағыттауыш ойығына (10) енгізіңіз.
Содан кейін параллель тіректі аралау үстелінің
алдыңғы бағыттауыш ойығына (1) орналастырыңыз.
Параллель тіректі енді кез келген бағытпен жылжытуға
болады.
– Параллель тіректі бекіту үшін қысқыш тұтқаны (39)
төмен қарай итеріңіз.
Қосымша параллель тіректі монтаждау (e суретін
қараңыз)
Жұқа дайындамаларды аралау үшін және тік еңіс
бұрышында аралау үшін қосымша параллель тіректі
(41) параллель тірекке (9) орнату керек.
Қосымша параллель тіректі қажет болған жағдайда
параллель тіректің (9) сол немес оң жағына орнатуға
болады.
Монтаждау үшін "Қосымша параллель тірек" бекіткіш
жинағын (42) (2 бекіткіш бұранда, 2 салмалы шайба, 2
қатпарлы гайка) пайдаланыңыз.
– Бекіткіш бұрандаларды параллель тіректегі (9)
бүйірлік саңылаулар арқылы кіргізіңіз.
– Бұл ретте бұрандалардың бастиектері қосымша
параллель тірек үшін бағыттауыш ретінде қызмет
етеді.
– Қосымша параллель тіректі (41) бекіткіш бұрандалар
бастиектерінің үстінен жылжытыңыз.
– Салмалы шайбаларды бекіткіш бұрандаларға қойып,
бұрандаларды қатпарлы гайкалардың көмегімен
тартып қойыңыз.
Бұрыштық тіректі монтаждау (f1−f2 суреттерін
қараңыз)
– Бұрыштық тіректің (3) шинасын (43) аралау үстелінің
арнайы бағыттауыш ойықтарына (5) өткізіңіз.
Ұзын дайындамаларды жақсырақ орнату үшін бұрыштық
тіректі профильдік тіреуіш (28) арқылы кеңейтуге
болады.
1 609 92A 5C2 | (26.07.2019)
– Қажет болса, профильдік тіреуішті (44) бекіткіш
жинағының көмегімен бұрыштық тірекке орнатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан
тартып қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Алюминийді аралау кезінде өрт қаупінің алдын алу
u
үшін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды
босатып, жоңқа сорғышты пайдаланбаңыз.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды босату
(g суретін қараңыз)
Дайындаманың сынықтарын және үлкен жоңқаны шығару
үшін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (31)
босатуға болады.
– Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан
суырып алыңыз.
– Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
– Бекіткіш бұранданы (45) алты қырлы дөңбек кілтпен
(21) босатыңыз.
– Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (31)
тартып шығарыңыз да, дайындама сынықтары мен
жоңқаны шығарыңыз.
– Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды электр
құралына қайтадан орнатыңыз.
Сыртқы сорғыш (h суретін қараңыз)
Жеткізілім жинағындағы сору адаптерін (32)
шаңсорғышты жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (31) жалғау үшін пайдаланыңыз.
– Сору адаптерін (32) және шаңсорғыш шлангісін
мықтап енгізіңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

3 601 m30 5023 601 m30 5723 601 m30 5323 601 m30 562Gts 10 j professionalGts 10 professional