Descargar Imprimir esta página

Hotpoint ENBLH 19 VW Serie Manual De Instrucciones página 53

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 37
Орнату
! Тоңазытқышты тоққа қоспас бұрын, алдымен нұсқаулықтармен
мұқият танысып алыңыз. Оларда тоңазытқышты пайдалану,
орнату және күтіп ұстау жөнінде маңызды ақпараттар болады.
! Бұл нұсқаулықты сақтаңыз, өйткені болашақта пайдалану
барысында ол сізге қажет болады.
Орнату және қосу
Орнату
1.Тоңазытқышты құрғақ және жақсы желдетілетін бөлмеге
орналастырыңыз.
2.Артқы бетінде орналасқан желдеткіш тесіктерді бекітпеңіз:
компрессор және конденсатор өзінен жылу бөледі және
жақсы қызмет атқару үшін желдетіліп тұруды талап етеді, ол
тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және
электр қуатын тұтунуды азайтады.
3. Құрылғының үсті мен одан жоғары орналасқан кез келген
жиһаз арасында кем дегенде 10 см, ал бүйірлері мен кез
келген жиһаз/қабырғалар арасында кем дегенде 5 см бос
орын қалдырыңыз.
4.Тоңазытқышты жылу көзінен алысырақ орналастырыңыз
(күн сәулесінің тура түсуінен сақтаңыз, сонымен қатар
электр ас үй пешіне жақын орналастырмаңыз).
5. Құрылғы мен қабырға арасында тиісті аралықты сақтау
үшін орнату жинағында берілген төсемдерді нұсқауларға
сәйкес қойыңыз.
Электр желісіне жалғау
Тоңазытқышты тасымалдағаннан кейін тік күйінде орналастырыңыз
және электр тогына қоспас бұрын кем дегенде 3 сағаттай күтіңіз.
Тоңазытқышты электр тогына қоспас бұрын, мыналарды тексеріп
алыңыз:
• розетка заңға сәйкес жерге тұйықталып тұруы керек;
• розетка тоңазытқыш камерасының ішіндегі төменгі оң жақ
бетінде орналасқан ақпараттық кестеде көрсетілген
бұйымның максималдық қуатына сәйкес келуі керек
(мысалы: 150 Ватт);
• тораптың кернеуі астыңғы сол жақ шетінде орналасқан
ақпараттық кестеде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі керек
(мысалы: 220-240 Вольт)
• розетка бұйымның вилкасына сәйкес келуі керек.
• сәйкес келмеген жағдайда, вилканы білікті маманның көмегімен
ауыстыру керек («Қолдау» бөлімін қара); ұзартқыш пен көп көзді
тоқты пайдалануға болмайды.
! Тоңазытқыш үнемі розеткаға оңай қол жеткізе алатындай етіп
орналасуы керек.
! Кабель майысқан немесе мыжылған күйде болмауы керек.
! Кабельдің дұрыс орналасуы үнемі тексеріліп тұруы керек,
және қажет болған жағдайда тек уәкілетті техник көмегімен
ауыстырылуы керек («Қолдау» бөлімін қара).
! Жоғарыда аталған техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған
жағдайда өндіруші ешқандай жауапкершілік көтермейді.
Қосу
Бұйымды пайдалануға іске қосу
! Бұйымды қоспас бұрын барлық нұсқаулықтардың тиісті
дәрежеде сақталуын тексеріп алыңыз («Орнату» бөлімін қара).
! Бұйымды электр желісіне қоспас бұрын барлық бөлімшелерін
және қрсымша заттарын ас содасы қосылған жылы сумен
жуып алыңыздар.
! Тоңазытқыш бақылау қорғаныс жүйесімен жабдықталған,
осыған байланысты бұйым іске қосылғаннан кейін
компрессор шамамен 8 минут өткеннен кейін ғана қосылады.
Компрессор әрқашанда электр энергиясы сөніп қалғанда
(энергияны үнемдеу үзілісінде) іске қосылады.
1. Айырды розеткаға қосыңыз, одан кейін тиісті түйменің
көмегімен өнімді қосып, тоңазытқыш және мұздатқыш
температураларының сары шамдары жанатынына көз
жеткізіңіз
All manuals and user guides at all-guides.com
2. Бірнеше сағаттан кейін тоңазытқышқа тағам салуға
болады.
3. ЖЫЛДАМ МҰЗДАТУ түймесін басыңыз: ЖЫЛДАМ
МҰЗДАТУ индикатор шамы жанады. Тоңазытқыш оңтайлы
температураға жеткенде индикатор шамы сөнеді, яғни тағам
сақтауды бастауға болады.
Салқындатқыш жүйе
ҚЫРАУСЫЗ
Қыраусыз жүйе салқын ауаны үздіксіз айналдырып, ылғалдылықты
жинап алады және мұз бен қыраудың пайда болуына жол
бермейді. Бұл жүйе камерада оңтайлы ылғалдылық деңгейін
қамтамасыз ете отырып, тағамның бастапқы сапасын сақтайды,
тағамдардың бір-біріне жабысуына жол бермейді және жібітуді
өткен шақ ісіне айналдырады. ! Тоңазытқыштың артқы панеліне
тікелей тағам немесе ыдыс тигізіп қойып, ауа өтетін ұяшықтарды
жауып тастамаңыз.
ЖЕМІС пен КӨКӨНІС жәшігі *
Тоңазытқыш ішіндегі салат бөліктері жеміс пен көкөністі жаңа әрі
қатты күйде сақтау үшін арнайы жасалған. Жеміс сияқты тағамды
ылғалдылығы одан төмен ортада сақтау керек болса, ылғалдылық
реттегішін ашыңыз (В күйі) немесе көкөністер сияқты тағамды
ылғалдылығы жоғары ортада сақтау үшін оны жабыңыз (А күйі).
пайдалану
түймесін пайдаланыңыз (Сипаттама бөлімін қараңыз).
• температураны жылдам төмендету мақсатында SPEED
COOL түймесін басыңыз, мысалы, үлкен көлемде азық-
түлікті сатып алғанда тоңазытқыштың ішкі
температурасы аздап жоғарылайды. Бұл функция
температураны уақытша төмендету арқылы өнімді ол керекті
деңгейге жеткенге дейін салқындатады.
• Орналастырылатын азық-түліктер суық немесе жылы
болуы керек, бірақ ешқашан олар ыстық болмауы керек
(«Алдын ала сақтандыру» бөлімін қара).
• П і с і р і л ге н аз ы қ - т ү л і к те р ш и к і л е р с е к і л д і ұ з а қ
сақталмайды.
• Тоңазытқыш камерасына сұйық құйылған беті жабылмаған
ыдыстарды қоймаңыздар, өйткені ылғалдың көбеюіне
және конденсаттың пайда болуына әкеледі.
A
B
Тоңазытқышты және оның толық күшін
Температураны реттеу үшін ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ
KZ
53

Publicidad

loading