Қағу процестеріне арналған спецификациялар
Бекіту кезінде бекітілетін материалдар бойынша өндіруші
спецификацияларын және кәсіпорынның құрылыстық
жоспарларын ескеріңіз.
Дайындама астында немесе артында не тұрғанын көріп
алыңыз. Артыңызда адамдар тұрса, қабырға, төбе немесе
еденге шеге қақпаңыз. Шегелер астыңғы бетті тесіп,
әлдекімге жарақат тигізуі мүмкін.
Шегелерді әрдайым астыңғы бетке тігінен қағып қондыру
қажет.
Әлдеқашан қондырылған шегеге басқа шеге қақпаңыз.
Бұл ретте шеге деформацияға ұшырап, шегелер қысылуы
мүмкін немесе электр құралы бақылаусыз жылжуы
мүмкін.
Шегелер дұрыс қондырылғанын тексеріңіз. Берік бекіту
үшін олар не тым биік, не тым терең қондырылмауы
немесе бүгілмеуі керек.
Егер бетон қате қағу әрекетінің нәтижесінде зақымдалған
болса, оны белгілі ережелерге сәйкес жөндеу қажет.
c
s
min
min
Төмендегі мәліметтерді Bosch шегелерінің
Bosch Power Tools
құжаттамасынан немесе келесі веб-сайттан алыңыз:
http://www.bosch-pt.com:
– Шеге бүркеншігінің арақашықтығы, h
– Тиімді анкерлеу ұзындығы, h
– Бетон элементінің минималды қалыңдығы, h
– Екі шеге арасындағы минималды қашықтық, s
– Минималды жиектер арақашықтығы, c
– Ұсынылған жүктемелер
Тереңдік шектегішін реттеу
Қағу тереңдігін тереңдік шектегішінің ажыратқышы (20)
арқылы, шеге бүркеншігінің арақашықтығы (h
дұрыс мәнге қол жеткізетіндей етіп реттеңіз.
Шеге тым терең: тереңдік шектегішінің
ажыратқышын (20) оңға қарай басыңыз.
Шегелер әрі қарай тым терең қағылатын
болса, онда ұзынырақ шегелерді
пайдаланыңыз.
Шеге жеткілікті терең емес: тереңдік
шектегішінің ажыратқышын (20) солға қарай
басыңыз.
Шегелер әрі қарай жеткілікті терең емес
қағылатын болса, онда қысқа шегелерді
пайдаланыңыз.
Бұғатталуды түзету/бастапқы күйге қайтару
Күй индикаторы (2) қызыл немесе сарғылт түспен жанып
тұрса немесе шегелер бұдан былай дұрыс қағылмаса,
бұғатталуды түзетіңіз.
– Аккумуляторды (10) шығарып алыңыз. Қорапты (12)
босатып, шығарыңыз. Түйіспе элементін (17)
шығарыңыз.
– Қорапты (12) тексеріп, кір, қалдық пен бөгде заттарды
кетіріңіз.
– Түйіспе элементін (17) тексеріп, шегелерді, шеге
бөліктерін, қалдықтарды немесе бөгде заттарды
ойғышпен (21) кетіріңіз. Бұл ретте түйіспе элементіне
зақым келтірмегеніңізді қадағалаңыз.
– Түйіспе элементін (17), қорапты (12) және
аккумуляторды (10) қайтадан қондырыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Бастапқы күйге қайтару түймесін (4) 5 секунд
басыңыз.
– Түйіспе элементін (17) ағаш бөренесіне және т.с.с.
затқа қысып, іске қосу құрылғысын (6) басыңыз.
Осылайша қозғалтқыш таңбаны дұрыс позицияға
келтіре алады.
– Егер басқа қате анықталса, электр құралы қалыпты
жұмыс режиміне қайтпайды, оның орнына күй
индикаторында (2) басқа қате көрсетіледі.
Тұғырды бөлшектеу
Тұғыр (13) тегіс астыңғы беттегі электр құралын тігінен
туралау әрекетін жеңілдетеді.
Тегіс емес астыңғы бетте жұмыс істеу үшін тұғырды (13)
бөлшектеуге болады. Ол үшін оны қораптан (12) артқа
қарай жылжытыңыз.
Қазақ | 207
NHS
ef
min
min
) үшін
NHS
1 609 92A 75W | (10.01.2023)