Descargar Imprimir esta página

Bosch GOF 1250 CE Manual Original página 146

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
OBJ_BUCH-2018-003.book Page 145 Tuesday, January 21, 2014 1:55 PM
биіктігінен шаблон қалыңдығы 8 мм-ден кем болмауы
керек.
Блоктан шығару білігін 41 іске қосып, төмендегі көшіру
гильзасын 42 көшіру гильзасының адаптеріне 39
енгізіңіз. Ал кодтау жұдырықшалары көшіру гильзасының
саңылауларына аздаған күшпен бекітілуі керек.
 Фреза диаметрін көшіру гильзасының ішкі
диаметрінен кіші болатындай етіп таңдаңыз.
Фреза ортасынан көшіру гильзасының шетіне дейін
бірдей қашықтық болуы үшін көшіру гильзасы мен сырғу
плитасы, керек-жарақтар өзара ортасына реттеле алады.
– Блоктан шығару білігін 22 төмен басып, фрезерлік
станокты негіз плитасына 13. барынша енгізіңіз Осы
батыру тереңдігін бекіту үшін блоктан шығару білігін 22
босатыңыз.
– Цилиндр басты винттерін 43 сырғу плитасы 11 еркін
қозғалатындай босатыңыз.
– Ортаға дәлдеу жақтауын 44 суретте көрсетілгендей
жұмыс құралы цангасына орнатыңыз. Жаппа гайканы
ортаға дәлдеу жақтауы еркін айналатындай етіп
тартыңыз.
– Көшіру гильзасын 42 ортаға дәлдегіш дорнда негіз
плитасын 11 ығыстыру арқылы ортасынан шығарыңыз.
– Цилиндр басты винттерін 43 қатты тартыңыз.
– Ортасына реттегіш дорнды 44 жұмыс құралы
цангасынан алып тастаңыз.
– Блоктан шығару білігін 22 басып, машинаны жоғарғы
қалыпқы келтіріңіз.
Көшіру гильзасымен 42 фрезерлеу келесідей жүргізіледі:
– Көшіру гильзасы бар қосулы электр құралын шаблонға
жүргізіңіз.
– Блоктан шығару білігін 22 артқа басыңыз және
белгіленген фрезерлеу тереңдігіне жеткенше,
фрезерлеу машинасын баяу төмен жылжытыңыз.
Ажыратушы иінтіректі 22 басып осы ендіру тереңдігін
бекітіңіз.
– Шығыңқы көшіру гильзасы бар көшіру құралын жанама
қысқышымен шаблон бойымен жүргізіңіз.
Батареяларды ауыстыру (GOF 1250 LCE) (M суретін
қараңыз)
Батареяларға арналған бөлім қақпағын 21 жылжытыңыз
және аккумуляторды алып шығарыңыз. Жаңа батареяны
(LR44/SR44 түрі) орнатыңыз. Қуаттың оң полюсі
батареяларға арналған бөлім қақпағына 21 алға
қаратылуы керек. Батареяға арналған бөлім қақпағын 21
жабыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
 Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша
шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш тесікті
жиі үрлеп тазартып артық тоқтан сақтайтын
Bosch Power Tools
қосқышты қосыңыз. Металды өңдеуде тоқ өткізетін
шаң электр құралының ішінде жиналуы мүмкін. Электр
құралының оқшаулануы зақымдалуы мүмкін.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Кәдеге жарату
Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны
қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.
Электр құрлдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар
бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі
және оның ұлттық заңдарда орындалуы
бойынша басқа пайдаланып болмайтын
электр құралдар бөлек жиналып кәдеге
жаратылуы қажет.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
Қaзақша | 145
1 609 92A 0LW | (21.1.14)

Publicidad

loading