Descargar Imprimir esta página

BD FACSDuet Instrucciones página 172

Publicidad

172
BD FACSDuet™ үлгі дайындау жүйесінің қауіпсіздік және шектеулер нұсқаулығы
ешқандай кепілдік бермейді. BD компаниясы сатып алушының/пайдаланушының
вирустардан қорғанысын орнатпауы салдарынан не соған байланысты пайда
болған арыздарына жауапты болмайды.
BD ақпаратының қауіпсіздігі туралы қосымша ақпарат алу үшін
bdbiosciences.com сайтына кіріңіз.
Жалпы жүйенің сақтық шаралары
Құралды жүйесі қауіпсіздік қорғаныстары бұзылысын болдырмау үшін
өндірушімен көрсетілгендей пайдаланылуы керек.
• Тек пайдалану нұсқауларында сипатталған жолмен қолданыңыз.
• Арнайы айтылмаған болса, құралға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
жүргізбеңіз. Техникалық қызмет көрсету процедураларын жүйенің пайдалану
нұсқауларынан қараңыз.
• Құралда тұтанғыш, жарылғыш және күшті әсер ететін химиялық заттарды
қолданбаңыз. Центрифугада ақаулар тудыруы мүмкін кез келген коррозиялы
материалдарды пайдаланбаңыз.
• Құралдың ішіндегі электрлік коннекторларға ешқандай қосылым жалғамаңыз
(мысалы, қызмет көрсету есігінің артында). Бұл тек қызмет көрсету
мақсаттарына арналған.
• Құралды пайдалану нұсқауларында көрсетілген тазартқыш сұйықтықтармен
ғана тазалаңыз.
Құралдың ішіндегі механикалық бөлшектерді қозғалту қолдарды немесе
саусақтарды қысып қалуы немесе жарақаттауы мүмкін.
Қозғалып тұратын бөлшектерден жарақат алмау үшін, мына сақтық шараларын
қадағалаңыз:
• Үстіңгі есікті жапқан кезде қол мен киімді жолақтан алыс ұстаңыз.
• Үстіңгі есікті жапқан кезде құралдың төменгі бөлігіндегі есік жақтауынан
қолды алыс ұстаңыз.
• Құралды пайдалану кезінде үстіңгі есікті жабулы ұстаңыз.
• Құрал қосулы кезде ішіне кіруге болмайды.

Publicidad

loading