ВЕЛОСИПЕД ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Бұл велосипед тек жолда жүргізуге арналған.
Басқа әрекеттер орынсыз және оларға тыйым салынған
(Егер бұл талап сақталмаса, апат қаупі болуы және велосипед кепілдігінің күші жойылуы
мүмкін)
Велосипед құрамдастарын немесе электрлік жүйесін модификациялауға болмайды!
Кез келген өзгеріс қауіпті болып табылады және оған заңмен тыйым салынған.
Модификацияланған велосипед бұзылса немесе зақымдалса, Decathlon компаниясы ешбір
жағдайда жөндеу жұмыстарын өз мойнына алмайды (кепілдік күші жойылады). Сонымен
қатар, пайдаланушы велосипедпен болған кез келген апат үшін заңды түрде жауапқа
тартылады.
!
Әрбір пайдалану алдында тежеугіштер мен электр жүйесінің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына
көз жеткізіңіз
!
Велосипедті жүргізген тепкен кезде, шлемді әрдайым киіп жүріңіз.
14+
Бұл электрлік велосипедтер 14 және одан жоғары жастағы тұлғаларға арналған.
Максималды рұқсат етілген салмақ: Жалпы 120 кг (керек-жарақтарды, пайдаланушыны және
велосипедті қоса алғанда - E-EDR AF үшін -14 кг)
!
Назар аударыңыз : жаңбырда, аязда немесе қарда шинаның ілінісу күші аз болуы мүмкін.
Велосипедіңізді құрғақ, салқын (+10°C және 25°C) және тікелей күн сәулесі (тіпті қысқа
уақытқа да) түспейтін жерде сақтау өте маңызды.
Барлық электрлік құрамдасы жауын-шашынға төзімді.
Велосипедті немесе электрлік құрамдастарды суға батыруға болмайды.
16