Descargar Imprimir esta página

Bosch GHT 130 Professional Manual Original página 63

Ocultar thumbs Ver también para GHT 130 Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 15
E–F суреттері:
– Тұтқа бекіткішінің бекіткіш блогын (8) арбашаның ең
жоғарғы жақтау саңылауына орнатыңыз.
– Құрал бекіткішінің бекіткіш блогын (9) арбашаның ең
астыңғы жақтау саңылауына орнатыңыз. Бекіткіш
блокты, F суретінде көрсетілгендей, енгізу керек
шойбалғаға сәйкес бұраңыз.
– Әр бекіткіш блоктың шеттері арқылы бір бұрандалы
қарнақты (13) енгізіңіз. Бұрандалы қарнақтардың
ысырмалары сыртқа қарап тұруы керек.
– Әр бұрандалы қарнақтың астыңғы шетіне
шойбалғаның бекіткіш жинағынан (14) бір салмалы
шайба мен бір бекіткіш гайканы орнатыңыз. Бекіткіш
гайкаларды 17 мм айыр тәрізді кілтпен сәл тартыңыз.
G суреті:
– Шойбалғаны, оның бұрандалы серіппе амортизаторы
құрал бекіткішінің бекіткіш блогындағы (9) ойыққа
орнатылатындай, бекіткіш блоктарға қойыңыз.
Шойбалғаның құрал бекіткішінде құлыптау болты
немесе ұстағыш қапсырма құралды кейінірек
алмастыру үшін қолжетімді болғанына көз жеткізіңіз.
GSH 16‑28: ұстағыш қапсырманы ашыңыз.
H суреті:
– Тұтқа бекіткішінің екінші бекіткіш блогын (8) жоғарғы
бұрандалы қарнақтарға, құрал бекіткішінің екінші
бекіткіш блогын (9) астыңғы бұрандалы қарнақтарға
орнатыңыз (құрал бекіткішінің астыңғы бекіткіш
блогымен (9) бірдей бағытта). Екі блокты шойбалғаға
тірелгенше жылжытып қойыңыз.
– Төсеме тақтаны (10), ойығын құрал бекіткішінің
үстінде болатындай, бұрандалы қарнақтарға
орнатыңыз.
– Бұрандалы қарнақтың астыңғы шетіндегі бекіткіш
гайкаларды 17 мм айыр тәрізді кілтпен мықтап
тартыңыз.
– Әр бұрандалы қарнақтың жоғарғы шетіне
шойбалғаның бекіткіш жинағынан (14) бір салмалы
шайба мен бір серіппелі сақинаны орнатыңыз.
– Әр бұрандалы қарнаққа шойбалғаның бекіткіш
жинағынан (14) бір жұлдызша тұтқалы гайканы
орнатып, оны жақсылап бұрап бекітіңіз.
Шойбалғаның кабелін тұтқадағы кабель ілгегіне (6) іліп
қойыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шойбалғаға монтаждау үшін
шойбалғаның пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып
шығыңыз және ескеріңіз.
GSH 16‑28: алмалы-салмалы аспапты бұғаттау үшін құрал
бекіткішінің ұстағыш қапсырмасын құрал бекіткішінің
бекіткіш блогына (9) тірелгенше қайырыңыз.
Пайдалану
Жұмыс бұрышын реттеу
Жұмыс бұрышын реттемес бұрын бұрыш реттеу тетігінің
құлыптау механизмінен жүктеме түсіріңіз, ол үшін
арбаша тұтқасын сәл көтеріңіз. Содан кейін құлыптау
Bosch Power Tools
болтын босату үшін бұрыш реттеу тетігінің құлыптан
босату иінтірегін (3) тартыңыз.
Арбашаны қажетті жұмыс биіктігіне дейін көтеріңіз
немесе түсіріңіз. Құлыптан босату иінтірегін (3)
жіберіңіз. Бұрыш реттеу тетігінің құлыптау болты берік
бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Шойбалғамен жұмыс істеу
Шойбалғаны қоспас бұрын тексеріңіз:
– арбашаның зақымдалмағанын және барлық
бұрандалардың мықтап тартылғанын,
– шойбалғаның арбашаға берік бұрап бекітілгенін және
бекітілген күйде жылжымайтындығын,
– алмалы-салмалы аспаптың дұрыс монтаждалғанына
және берік құлыптанғанына.
Қалаулы жұмыс бұрышын орнатыңыз.
Шойбалғаны қосыңыз.
Жұмыс кезінде шойбалға да, алмалы-салмалы аспап та
қатты қызбайтындығына көз жеткізіңіз.
Шойбалғамен жұмыс істеу бойынша қосымша нұсқаулар
шойбалғаның пайдалану бойынша нұсқаулығында
берілген.
Тасымалдау
Қажет болса, арбашаны монтаждалған балғамен
u
бірге екінші адамның көмегімен тасымалдаңыз.
Осылайша жарақат алуға жол бермейсіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Бұрыш реттеу тетігінің Боуден арқанын азғантай сіңіргіш
маймен жүйелі түрде майлап тұрыңыз.
Теңселу осін майлағыш ниппель (1) арқылы майлауға
болады.
Бұрыш реттеу тетігінің құлыптау болтын бұдан былай
қауіпсіз босату мүмкін болмаса, бұрыш реттеу тетігінің
Боуден арқанын қосымша реттеңіз (I суретін қараңыз):
– Боуден арқаны майыстырылмағанына көз жеткізіңіз.
– Бекіткіш гайканы (18) цангамен босатыңыз.
– Боуден арқанының ұзындығы реттегіш
бұрандамен (19) реттеп шығыңыз.
– Бекіткіш бұранданы (18) қайтадан бұрап бекітіңіз.
– Боуден арқанының саңылауын кетіру үшін реттегіш
бұранданы (17) 2 мм алты қырлы дөңбек кілтпен
мықтап тартыңыз. Боуден арқанындағы азғантай
саңылау қалыпты жағдай екенін ескеріңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
Қазақ | 63
1 609 92A 8H1 | (08.09.2023)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

1 600 a02 wm0