Descargar Imprimir esta página

Bosch GKS Professional 18V-57-2 Manual Original página 172

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 32
172 | Қазақ
алдын қызмет көрсету керек. Төменгі қорғағыш
зақымдалған бөлшектер, жабысқақ қалдықтар немесе
сынықтар жиналуы себебінен жақсы істемеуі мүмкін.
Төменгі қорғағышты қолмен ойықты кесіктер және
u
күдікті кесіктер сияқты арнайы кесіктерде қайтару
мүмкін. Дискі материалға кіргенде төменгі
қорғағышты қайтару тұтқасымен көтеріңіз, төменгі
қорғағыш бос тұруы керек. Барлық аралау
жұмыстарында төменгі қорғағыш автоматты істеуі тиіс.
Әрдайым араны үстелге немесе еденге қоюдан
u
алдын төменгі қорғағыш дискіні қаптауына көз
жеткізіңіз. Қорғалмаған, инерциямен істеген диск
араны арқаға жүріп жалында барлық заттарды кесуіне
себеп болады. Диск үшін өшірілгеннен соң тоқтау
уақытын ескеріңіз.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
u
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Араны бастың үстінде ұстап жұмыс істемеңіз.
u
Электр құралды жеткілікті бақылай алмайсыз.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып
u
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
алып келуі мүмкін.
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
u
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Тұрақты болмаса, электр құралмен жұмыс
u
істемеңіз. Ол аралау үстелінде жұмыс істеуге
арналмаған.
Тік емес бұрышпен жүргізілуі мүмкін ендіріп кесу
u
кезінде араның бағыттауыш тақтасын бүйірлік
ауытқудан қорғаңыз. Бүйірлік ауытқу тұрып қалуға,
осылайша, кері соққыға әкелуі мүмкін.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
u
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
u
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
u
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
Қара металдарды араламаңыз. Қызған жоңқалар
u
шаңсоруды оталдыруы мүмкін.
Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
u
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
u
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
1 609 92A 9F7 | (29.05.2024)
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u
бар.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
u
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
u
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал қозғалмайтын тіректе ағашты бойлай және
көлденеңінен, бұрышпен кесуге арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері
графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне
қатысты болып келеді.
(1)
Ажыратқыш
(2)
Ажыратқышты іске қосылудан қорғайтын құлып
Ілгекке арналған қаптама
(3)
(4)
Шпиндельді бұғаттау түймесі
(5)
Қосымша тұтқа
(6)
Параллель тірекке арналған құлақты бұранда
(7)
Кесік тереңдігін алдын ала таңдауға арналған
қысқыш иінтірек
(8)
Еңіс бұрышының шкаласы
(9)
Еңкейту бұрышының цангалық қысқышы
(10)
Жұмыс шамы
(11)
Кесік белгісі 45°
(12)
Кесік белгісі 0°
(13)
Параллель тірек
(14)
Маятниктік қорғаныш қаптама
(15)
Тірек тақтасы
(16)
Маятниктік қорғаныш қаптаманы реттегіш
иінтірек
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gks professional 18v-57-2 l