Тегістеу шеңберлерін қондырма ретінде
u
пайдаланбаңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр
u
құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1
бойынша тексерілген болып тиісті ретте
белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану
нұсқаулығының соңында табуға болады.
Ара дискін шешу (A суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (4) басып, ұстап
тұрыңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін (4) ара шпинделі
u
тоқтап тұрған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
– Алты қырлы дөңбек кілтпен (27) қысқыш
бұрандаманы (26) ➊ бағытында бұрап шығарыңыз.
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы (14) артқа тартып,
берік ұстаңыз.
– Қысқыш фланецті (25) және аралау дискісін (24)
шпиндельден (22) алыңыз.
Ара дискін орнату (A суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Аралау дискісін (24) және барлық бекіту бөлшектерін
тазалаңыз.
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы (14) артқа тартып,
берік ұстаңыз.
– Аралау дискісін (24) тірек фланеціне (23) орнатыңыз.
Тістердің кесу бағыты (аралау дискісіндегі көрсеткінің
бағыты) және маятниктік қорғағыш қаптамадағы (14)
айналу бағытының индикаторы бірдей болуы қажет.
– Қысқыш фланецті (25) орнатыңыз және қысқыш винтті
(26) ➋ бағытында бұрап бекітіңіз. Қысқыш фланецтің
(23) және тірек фланецтің (25) орнату күйі дұрыс
болуын қадағалаңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (4) басып, ұстап
тұрыңыз.
– Алты қырлы дөңбек кілтпен (27) қысқыш винтті (26) ➋
бағытында бұрап бекітіңіз. Тарту моменті 6–9 Нм
құрауы керек, қолмен бұрау плюс ¼ айналымға сәйкес
келеді.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
Bosch Power Tools
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр (B суретін
қараңыз)
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (18) еркін
бұрауға болады.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (18) диаметрі
35 мм болатын сорғыш шлангіні немесе шаң/жоңқа
жинағыш қорапты (28) жалғауға болады.
Оңтайлы сорылуды қамтамасыз ету үшін жоңқаны
шығаруға арналған келте құбырды (18) жүйелі түрде
тазалап тұру қажет.
Сыртқы сорғыш
Сору шлангісін (29) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-
жарақ). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Ілгекті монтаждау (F–G суреттерін қараңыз)
Қаптаманы (3) саңылаудан бұрауыштың көмегімен
бүйірінен ашыңыз.Ілгекті (30) монтаждап, екі
бұрандамен бекітіңіз. Бұрандаларды 1,8−2 Нм тарту
моментімен бұрап бекітіңіз. Ілгекті (30) қайыруға
болады.
Пайдалану
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
u
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Қысқыш тұтқышты (7) босату. Шағын аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан (15) ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға (15) басыңыз. Аралау
Қазақ | 175
1 609 92A 9F7 | (29.05.2024)