176 | Қазақ
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді
орнатыңыз. Цангалық қысқышты (7) берік бекемдеңіз.
Қысқыш тұтқыштың (7) қысу күшін реттеуге болады. Ол
үшін (7) қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне
қарсы 30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз.
Еңіс бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (17) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған қысқыш
иінтіректі (9) босатыңыз. Араны бүйірге қайырыңыз.
Қажетті өлшемді шкалада (8) орнатыңыз. Цангалық
қысқышты (9) берік бекемдеңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (20) көрсетілген саннан кем.
Аралау бұрышының белгілері
GKS 18V-57-2
0
45
Кесік белгісі (12) тік бұрышпен аралау кезіндегі ара
төсемінің позициясын көрсетеді.
Дұрыс кесік жасау үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға қаратып орнатыңыз. Сынақ
кесік жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (2) басып кейін қосқыш/өшіргішті (1) басып
ұстап тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (1)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (1)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Жарық диодтық жұмыс шырағын қосу
Шам (10) қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын (1) сәл
немесе толық басқанда жанып, жарықтығы төмен жұмыс
аймағын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Жүріс тежегіші
Кіріктірме жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен соң
ара полотносын тоқтау уақытын қысқартады.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді
қорғау (ECP) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
1 609 92A 9F7 | (29.05.2024)
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Пайдалану нұсқаулары
u
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Жақсы кесік сапасына қол жеткізу үшін электр құралын
біркелкі және жеңіл итеру қозғалысымен кесік
бағытымен жүргізіңіз. Тым қатты итеру нәтижесінде
алмалы-салмалы аспаптың қызмет ету мерзімі қысқарады
GKS 18V-57-2 L
және электр құралы зақымдалуы мүмкін.
Әрдайым біркелкі беру жылдамдығымен жұмыс істеңіз
және ара дискісінің айналу жиілігі тұрақты болуын
0
45
қамтамасыз етіңіз. Ара дискісі тістерінің қатты қызып
кетуін болдырмау үшін беру жылдамдығының көтерілуіне
(мысалы, ылғалды сүректі, қысыммен өңделген сүректі
немесе бұтақтарды өңдеу кезінде) және оның
салдарынан айналу жиілігінің төмендеуіне жол бермеңіз.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Параллель тірекпен аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тіреуіш (13) дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Көмек тіреуішпен аралау (E суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны
немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны
тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен
жүргізуге болады.
Ілгектер (G суретін қараңыз)
Ілгектердің (30) көмегімен электр құралын, мысалы,
сатыға ілуге болады. Ол үшін ілгектерді (30) қажетті
позицияға қайырыңыз.
u
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Электр құралы ілініп тұрған кезде, ара төсемі
кездейсоқ жанасудан қорғалғанына назар
аударыңыз. Жарақат алу қаупі бар.
Bosch Power Tools