Descargar Imprimir esta página

Bosch 06019K3000 Manual Original página 149

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 28
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (2) айналу
бағытында ➊ бұрау арқылы аспап орнатылғаныша
ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронының (2) төлкесін
айналу бағытымен ➋ қолмен мықтап бекітіңіз. Бұрғылау
патроны автоматты түрде бекітіледі.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды (6) алдыңғы жақтан электр
құралының тірегіне аккумулятор берік бұғатталғанша
кіргізіңіз.
Бұрау бағытын реттеу (B суретін қараңыз)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (9) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (9) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (10) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап
кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (9)
солға қарай тірелгенше итеріңіз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (9) оңға тірелгенше
басыңыз.
Жұмыс режимін реттеу
Бұрғылау
Bosch Power Tools
GSR 185-LI
Айналу моментін алдын ала таңдауға
арналған реттегіш сақинаны (3) "Бұрғылау"
белгісіне орнатыңыз.
GSB 185-LI
Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақинаны (4) "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Бұрау
GSR 185-LI
Айналу моментін алдын ала таңдауға
арналған реттегіш сақинаны (3) қажетті
айналу моментіне орнатыңыз.
GSB 185-LI
Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақинаны (4) "Бұрау" белгісіне
орнатыңыз.
Айналу моментін алдын ала таңдауға
арналған реттегіш сақинаны (3) қажетті
айналу моментіне орнатыңыз.
Соққымен бұрғылау
GSB 185-LI
Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақинаны (4) "Соққымен бұрғылау"
белгісіне орнатыңыз.
Ажыратқыш
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (10)
басып тұрыңыз.
Жарық диоды (8) қосу/өшіру қосқышы (10) сәл немесе
толық басылғанда жанып, жарық жеткіліксіз жұмыс
аймақтарын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (10)
жіберіңіз.
Күй индикаторы бар жарық диодты жұмыс шамы
Жарық диодты жұмыс шамы (8), сондай-ақ
құрылғыны қорғауға және төмен
аккумулятор зарядына арналған күй
индикаторы ретінде қолданылады:
Жарық диодты
Сипаттама
хабар
Жұмыс
Аккумулятор зарядының деңгейі
кезіндегі 3 рет
төмен.
жыпылықтайты
Аккумулятор оңтайлы кернеу мәнінен
н шам
төмен түсті. Құрылғы қуаты шектеулі.
Қозғалыссыз
Құрылғы қорғанысы белсенді.
тұрғаннан кейін
Аккумуляторды жоғары ток
3 рет
шығынынан және құрылғыны
жыпылықтайты
зақымдалудан қорғау үшін құрылғы
н шам
қорғанысы іске қосылды.
– Егер аккумулятор зарядының деңгейі төмен болса,
аккумуляторды (6) зарядтаңыз немесе заряды төмен
аккумуляторды толықтай зарядталған аккумуляторға
ауыстырыңыз.
Қазақ | 149
1 609 92A 8JT | (03.02.2023)

Publicidad

loading