Descargar Imprimir esta página

Bosch Professional GBS 750 Manual Original página 100

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 20
100 | Қазақ
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (5) басып
тұрыңыз.
Қосқыш/өшіргішті (5) бұғаттау үшін оны басып ұстап
реттеу түймешесін (6) қосымша басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (5)
жіберіңіз. Қосқыш/өшіргіш (5) бұғатталған болса оны
алдымен басып сосын жіберіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тегістеуде ажырату қуаты мен бет сапасы таңдалған
тегістеу таспасына және алдын ала таңдалған
жылдамдығына байланысты. Лентаның жылдамдығы
неғұрлым жоғары болса, алу соғұрлым жоғары және
тегістеу беті соғұрлым жұқа болады.
Тек мінсіз тегістеу таспасымен ғана дұрыс тегістеуге, сол
арқылы электр құралын сақтауға болады.
Тегістеу таспасының пайдалану мерзімін ұзарту үшін кіші
басу қуатымен жұмыс істеңіз. Электр құралдың салмағы
жақсы тегістеу өнімділігі үшін жеткілікті. Өте қатты басу
электр құралы мен тегістеу таспасының тез тозуын
тудырады.
Қосылған электр құралды өңделетін бетке қойыңыз.
Орташа жылжытумен жұмыс істеп тегістеу әдісін тегістеу
жолдарына параллельді және үстінен апарыңыз.
Талшықтар бағытында тегістеңіз, бойлай өтетін тегістеу
іздері тегістеу әсерін бұзады.
Әсіресе лак қалдықтарын тегістеу кезінде олар еріп, бұл
жұмыс бетінің және тегістеу төсемінің бетінің
бұлдырауына әкелуі мүмкін. Сол үшін шаңсорғышпен
жұмыс істеңіз.
Егер тегістеу төсемінің көмегімен металл өңделсе, оны
басқа материалдар үшін пайдаланбау керек.
Тек түпнұсқа Bosch ажарлағыш керек-жарақтарын
пайдаланыңыз.
Тегістеу төсемдерін тек ілулі күйде сақтаңыз және
бүкпеңіз, өйткені бұлай істемесе олар жарамсыз болып
қалады.
Тегістеу жақтауының (құрал) көмегімен ағаштың үлкен
беттерін бүйірлік тегістеу кезінде біркелкі бөлінген алу
жылдамдығы мүмкін болады.
1 609 92A 96H | (16.01.2024)
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Тегістеуден шыққан, басылған шаңда қылшақпен
тазартыңыз.
Графит тақтасын (керек-жарақ) алмастыру (B суретін
қараңыз)
Графит тақтасы (11) (керек-жарақ) бағыттайтын науаға
(12) бұрап бекітіледі де, оңтайлы ажарлауды қамтамасыз
етеді.
Графит тақтасы (11) пайдалану қарқындылығына
байлаысты тозуға ұшырайды. Графит тақтасын (11)
алмастыру үшін ажарлағыш таспаны (2) алып тастаңыз.
Графит тақтасын (11) бұрап шығарыңыз да,
алмастырыңыз.
Ажарлағыш таспаны салғаннан кейін таспа жүрісін реттеп
шығыңыз (қараңыз „Тегістеу таспасын алмастыру (A
суретін қараңыз)", Бет 99).
Көмір қылшақтарды алмастыру (C суретін қараңыз)
Көмір қылшақтардың ұзындығын әр 2–3 ай сайын
тексеріп, қажет болса, көмір қылшақтарды
алмастырыңыз.
Ешқашан бір көмір қылшақты ғана алмастырмаңыз!
Нұсқау: тек Bosch компаниясынан сатып алынған,
өніміңізге арналған көмір қылшақтарды пайдаланыңыз.
– Алдыңғы жақтағы қосымша қаптамадағы (13)
бұранданы крест тәрізді бұрауышпен шығарып
алыңыз. Қосымша қаптаманы алып тастаңыз.
– Қаптамадағы (14) бұранданы крест тәрізді
бұрауышпен шығарып алыңыз.
– Серіппе қысымының астында тұрған көмір
қылшақтарды (15) алмастырып, қаптамаларды
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading