2. Аталмыш пайдалану
жөніндегі нұсқаулық
жайында
2.1 Жалпы ережелер
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулық ЕО
2006/42/EC директивасына сəйкес
келетін өндірушінің пайдалану
жөніндегі түпнұсқалы нұсқаулығы
болып табылады.
VIKING компаниясы сұрыпталымын
жақсарту жөнінде тұрақты жұмыстар
жүргізуде; сондықтан пішін, технология
мен жабдық бойынша өзгерістерді
енгізу құқығын өзімізге қалдыруымыз
керек.
Сол себептен осы шығарылымдағы
мəліметтер мен суреттерге ешқандай
шағымдар алынбайды.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулық
заңды түрде қорғалған. Барлық
құқықтары, əсіресе жаңғырту, аудару
жəне электрондық жүйелермен өңдеуге
құқықтар қорғалған.
2.2 Пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулықты қалай қолдану керек
Суреттер мен мəтіндер жұмыстың
белгілі бір сатыларын сипаттайды.
Көгалшапқыштағы барлық нышандар,
пайдалану жөніндегі осы нұсқаулықта
түсіндіріледі.
Көз тігу бағыты:
«сол жақта» жəне «оң жақта» сөздерін
жазған кезде, келесі мағына беріледі:
пайдаланушы көгалшапқыштың
артында тұр жəне қозғалыстың
бағытымен қарайды.
482
Бөлімдердің нұсқаулары:
Толығырақ ақпаратты табуға болатын
бөлімдер мен бөліктер көрсеткішпен
белгіленген. Бөлім нұсқауларының
мысалы: (
2.1)
Мəтін үзінділерінің белгіленуі:
Бөлек нұсқаулар келесідей белгіленуі
мүмкін.
Пайдаланушының орындалатын
операцияларының бірізділігі:
● Бұрауыштың көмегімен жəне
тұтқышты (2) қолдана отырып,
бұранданы (1) бұрап алыңыз ...
Жалпы тізімдері:
– Спорттық іс-шаралар мен
сайыстарды өткізген кезде өнімді
қолдану
Аса маңызды мəтіннің бөліктері:
Оқырманның назарын аудару үшін,
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы
мəтіннің ең маңызды үзінділері келесі
таңбалармен белгіленеді.
Қауіп-қатер!
Ауыр жарақат пен зақым алу
қаупі бар. Белгілі бір əрекеттері
белгіленген немесе рұқсат
етілмеген.
Ескерту!
Жарақат алу қаупі бар.
Жарақаттан аман сақтап қалатын
тəсіл көрсетілген.
Абай болыңыз!
Белгілі бір əрекеттердің
салдарынан жеңіл жарақаттар
келтіріліп, жабдық сынуы мүмкін.
Нұсқау
Оператордың ықтимал
қателіктерін болдырмау
мақсатымен жабдықты қолдану
жөніндегі ұсыныстар.
Суретке сілтемелер:
Құрылғыны пайдалануды көрсететін
суреттер Пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың басында келтірілген.
Фотокамера белгісі Пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта келтірілген
мəтінге сəйкес суретті нұсқайды.
3. Құрылғылардың сипаты
1 Жетектері бар бас тұтқаның
жоғарғы бөлігі
2 Кабель қысқышы
3 Стартер арқаны
4 Айналмалы тұтқа
5 Сериялық нөмірі бар зауыттық
тақтайша
6 Корпус
7 Ауыстыруға арналған тұтқа
8 Іштен жанатын қозғалтқыш
9 Лақтырманың қақпағы
10 Қозғалтқышты тоқтату тұтқасы
11 Жұмыс тереңдігінің айналмалы
тұтқасы
12 Аэратор блогының иінтірегі
0478 670 9903 C - KK
1
1