OBJ_DOKU-41987-002.fm Page 234 Monday, May 2, 2016 7:13 AM
234 | Қaзақша
Аралау дискісін алмастыру
(D1–D3 суреттерін қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– 39 мен 38 бұрандаларын жинақтағы крест тәрізді
бұрауышпен 30 босатыңыз.
Бұрандаларды толық шығармаңыз.
– Бұғаттау тұтқышын 4 басып, тербелуден сақтайтын
қаптаманы 8 тірелгенше артқа қайырыңыз.
Тербелуден сақтайтын қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Алты қырлы бұранданы 41 жинақтағы қондырма
кілтпен 35 бұрап шпиндель бұғаттауышын 40
тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бұғаттауышын 40 басып ұстап, бұранданы
41 сағат тілімен бұрап шығарыңыз (сол жақ бұранда!).
– Аралық шеңбер 42 мен қысқыш фланецті 43 шешіңіз.
– Аралау дискісін 7 шешіңіз.
Аралау дискісін орнату
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
– Жаңа аралау дискісін қысқыш флнецке 44 орнатыңыз.
Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
көрсеткі бағыты) тербелуден сақтайтын қаптама
көрсеткі бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
– Қысқыш фланец 43, аралық шеңберді 42 және алты
қырлы бұранданы 41 орнатыңыз.
Шпиндель бұғаттауышын 40 тірелгенше басып алты
қырлы бұранданы 41 жинақтағы алты қырлы торцтық
кілтпен 35 бұрап тартыңыз (бұрау моменті шам. 20 Н*м).
– Бұғаттау тұтқышын 4 басып тербелуден сақтайтын
қаптаманы 8 төменге қайта басқарыңыз.
– 39 мен 38 бұрандаларын қайта берік бекітіңіз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау қорғауышы (E суретін қараңыз)
Тасымалдау қорғауышы 33 сізге түрлі жұмыс жайларына
тасымалдау кезінде электр құралын қолай пайдалануға
көмектеседі.
1 609 92A 2N6 | (2.5.16)
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасында 6 аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын 33 босатыңыз.
– Тасымалдау сақтандырғышын 33 сыртқы толығымен
тартып 90°-ке бұраңыз. Тасымалдау сақтандырғышын
осы күйде бұғаттаңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Электр құралын қорғауышын орнату
(тасымалдау күйі)
– Құлыптау бұрандасы 26 тартылған болса оны
босатыңыз. Манипуляторды толық артқа тартып
құлыптау бұрандасын қайта тартып бекітіңіз.
– Тереңдік тіреуішін 51 жоғарыға бұрап қойыңыз
(„Тереңдікті шектеу тірегін реттеу" 236 бетінде
қараңыз).
– Аралау үстелін 17 бұғаттау үшін құлыптау басын 13
тартып қойыңыз.
– Тасымалдау сақтандырғышын 33 сыртқы толығымен
тартып 90°-ке бұраңыз. Тасымалдау сақтандырғышын
осы күйде бұғаттаңыз.
– Бұғаттау тұтқышына 4 басып манипуляторды
қолтұтқада 6 төменге тасымалдау сақтандырғышы
соңғы орнында тірелгенше қайырыңыз.
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып
бұғатталған.
Жұмыс істеуге дайындау
Аралау үстелін ұзарту (F суретін қараңыз)
Ұзын дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
– Екі алты қырлы бұранданы 19 жинақтағы алты дөңгелек
кілтпен босатыңыз 30.
– Аралау үстелі ұзартқышын 21 тірелгенше шығарып
алты қырлы бұранданы қайта бұрап бекітіңіз.
Ұзартқыш тұтқаны орнату (G суретін қараңыз)
Аралау үстелін қосымша ұзарту үшін электр құралының
сол немесе оң жағында ұзарту тұтқаларын орнату мүмкін.
– Ұзындық тіреуішін 52 ұзарту тұтқасына 45 салыңыз.
– Ұзарту тұтқасын 45 электр құралының екі жағында
тірелгенше тиісті тесіктерге 20 жылжытыңыз.
– Ұзарту тұтқасын бекітетін бұрандаларды тартып
бекітіңіз.
Дайындаманы бекітіңіз (H суретін қараңыз)
Оптималды жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым бекем қысу керек.
Қатты қысуға өте кіші болған дайындамаларды өңдемеңіз.
– Дайындаманы тіреуіш планкаға 9 басыңыз.
– Жинақтағы бұрандалы қысқышты 22 оған арналған
тесіктерге 29 салыңыз.
– Құлақты бұранданы 46 босатып бұрандалы қысқышты
дайындамаға дұрыстаңыз. Қалақты бұрғыны берік
бекітіңіз.
– Дайындаманы бұрандалы өзекті 47 бұрап қысыңыз.
Bosch Power Tools