Жұмыс Істеуге Дайындау - Bosch GCM 12 SDE Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GCM 12 SDE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 57
290 | Қазақ
– Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (50)
орнатыңыз.
– Қысқыш фланецті (48) және ішкі алты қырлы
бұранданы (47) орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (43)
тірелгенше басып, ішкі алты қырлы бұранданы сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап бекітіңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу артқа қарай
қайта апарыңыз.
SDS болттарымен орнату (D суретін қараңыз)
Тік көлбеу кесіктер жасаған және SDS болтын (32)
u
пайдаланған кезде аралау алдында тереңдік
шектегішін (42) тиісінше реттеу арқылы SDS
болтының дайындама бетіне қысқа уақыт жанаса
алатындығына көз жеткізу керек. Бұл SDS
болтының және/немесе дайындаманың зақымдалуына
жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (16) артқа қайырып,
маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– SDS болтын (32) бұрап, дәл сол уақытта шпиндель
бекіткішін (43) тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін (43) басып тұрып, SDS болтын
(32) сағат тілінің бағытымен бұрап шығарыңыз (сол
жақ ирек ойма!).
– Қысқыш фланецті (48) алып тастаңыз.
– Ара дискісін (49) шығарыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу төмен қарай
қайта апарыңыз.
Аралау дискісін орнату
Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
u
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас
бұрын тазалап шығыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (16) артқа қайырып,
маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (50)
орнатыңыз.
– Қысқыш фланец (48) пен SDS болтын (32)
орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (43) тірелгенше
басып, SDS болтын сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
бекітіңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу төмен қарай
қайта апарыңыз.
Тік еңіс бұрышының аймағы
–2° ... +40°
сол жақ
–2° ... +35°
оң жақ
> 40°
сол жақ
1 609 92A 6SN | (12.07.2021)
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс
(E суретін қараңыз)
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (10) электр құралын
әртүрлі жұмыс орындарына тасымалдау кезінде қолайлы
пайдалануға көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасында (13) аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын (10) босатыңыз.
– Тасымалдау қорғағышын (10) толық сыртқа тартыңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Электр құралын қорғауышын орнату (тасымалдау
күйі)
– Бекіткіш бұранда (6) тарту аспабын (37) қысса, оны
босатыңыз. Манипуляторды толығымен алға тартып
тарту аспабын бұғаттау үшін бекіткіш бұраманы қайта
бұрап қойыңыз.
– Дәлдеу бұрандасын (41) жоғарыға бұрап қойыңыз.
– Аралау үстелін (20) бұғаттау үшін бекіту басын (23)
тартып қойыңыз.
– Манипуляторды тұтқасынан (13) төмен қарай
қайырып, тасымалдау сақтағышы (10) толығымен
басылуы тиіс.
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып
бұғатталған.
Жұмыс істеуге дайындау
Аралау үстелін ұзарту (F суретін қараңыз)
Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып
тіреу керек.
Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (29)
көмегімен солға немесе оңға үлкейтуге болады.
– Қысқыш бұранданы (18) босатыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (29) қажетті ұзындыққа
дейін сыртқа тартыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысқыш
бұранданы (18) қайтадан тартып қойыңыз.
Тіреуіш планканы жылжыту (G суретін қараңыз)
Көлденең және/немесе тік еңіс бұрыштарын аралау
кезінде кесу бағытына байланысты сол немесе оң жақ
жылжымалы тіреуіш планканы (2) сыртқа тарту немесе
толықтай алып тастау керек.
Қажет болса, жылжымалы тіреуіш планканы (2) кесікті
жасағаннан кейін орнатыңыз.
– Бұғаттау бұрандасын (38) босатыңыз.
– Жылжымалы тіреуіш планканы (2) толық сыртқа қарай тартыңыз.
– Бұғаттау бұрандасын (38) босатыңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido