Қаптамадан Шығару - Monitor Audio WS-10 Manual Del Usuario

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 43
Мазмұны
Кіріспе
Ұзағынан пайдалануды, беріктікті және иелену құндылығын қамтамасыз ету мақсатында сапалы жүйелер мен
материалдар арқылы жобаланған және құрастырылған Monitor Audio компаниясының сымсыз WS-10 сабвуферін
сатып алғаныңыз үшін рақмет.
Музыка - өмірді табиғи жолмен байыту болып табылады және солай болуы тиіс. Ол қиялды ынталандырады, көңіл-
күйіңізді өзгертеді, сізге босаңсуға көмектеседі және ойын-сауықтың бітпейтін сағаттарын сыйлайды. Monitor Audio
компаниясы тыңдау тәжірибесін түпнұсқалық «музыкаға» мүмкіндігінше жақын етуге әрекет етуін мақтан тұтады.
WS-10 сабвуфері жаңа C-CAM® жетегімен және D класты, терең, шуылды тамаша басатын, күшті бас әсерін беретін
100 Вт-ты зорайтқышпен бірге жеткізіледі. Сондай-ақ, оның Monitor Audio сабвуферлеріне тән бірегей сымсыз
кірісі бар. ASB-10 немесе WT-1 бірге пайдаланылғанда, WS-10 сабвуфері ауқымы 15 метрге дейін жететін сымсыз
сабвуферге айналады.
Ең жақсы тыңдау тәжірибесіне жету үшін қауіпсіздік туралы барлық ескертулермен және сабвуферді реттеу әдісімен
танысу үшін осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Осы нұсқаулықты болашақта анықтама алу үшін сақтаңыз.

Қаптамадан шығару

WS-10 сабвуферін пайдаланған кезде әрдайым сақ болу қажет.
WS-10 сабвуферінің ерекшелігі жетектің ашық болуы болып табылады. Қаптамадан шығару және бөлмеге
орналастырған кезде, зақымдалмағанын тексеру үшін әрдайым аса зейінді болу қажет. Осы талапты
орындамағандықтан болатын жетектің қандай да бір физикалық зақымы кепілдікпен қамтылмайды.
Желілік қуат сым(дар)ы, тікбұрышты RCA адаптері, аяқтар мен оларды бекіткіш бұрандалар қаптамада бөлек картон
қораптарында орналасады және оларды өнімді қаптамадан шығару алдында алу керек.
WS-10 сабвуферін картон қораптан шығару үшін, еденге қорғағыш материалдарды қойып, қаптамасынан керек-
жарақтарды алып тастап, картон қорапты абайлап аударыңыз. Сондай-ақ, картонда басылған белгішелерді қараңыз.
Сабвуферді шығарып алу үшін, картон қорапты жайлап жоғары қарай тартыңыз. Орамасынан бекіту таспасын алып
тастап, корпусын шығарыңыз.
Кіріспе 
Қаптамадан шығару  
monitoraudio.com
 101
 101
 102
 103
 104
 105
 105
 106
 106
 107
 108
101

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido