Тағам дайындау
режимдері
Тағам дайындау режимдері
! Төмендегілерден басқа тағам дайындау
режимдерінің барлығына 60°C пен МАКС
аралығында кез келген температура мәні орнатылуы
мүмкін
• БАРБЕКЮ (кеңес: тек МАКС деңгейін орнатыңыз)
• ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).
TRADITIONAL OVEN
(ДАҒДЫЛЫ ПЕШ) режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері
қосылады. Тағам дайындаудың осы дағдылы
режимін пайдаланған уақытта тек бір тағам
дайындау тартпасын қолданған дұрыс болады.
Бірден көп тартпа қолданылғанда пеш ішіндегі
температура бірдей болмауы мүмкін.
MULTI-COOKING
(КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ) режимі
Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі, астыңғы және
айналмалы) және желдеткіш қосылады. Пештің
қызуы тұрақты болатындықтан ауа тағамды біркелкі
қызартып пісіреді. Бір уақытта ең көбі екі тартпаны
пайдалануға болады.
PIZZA (ПИЦЦА) режимі
Астыңғы және айналмалы қыздыру элементтері
мен желдеткіш қосылады. Бұл қосынды, әсіресе
астыңғы элементке байланысты, жоғары мөлшерде
жылу шығарып, пешті жылдам қыздырады. Бір
уақытта бірден көп тартпа қолданылатын болса,
тағам дайындау үрдісінің ортасында табақтардың
орындарын алмастырыңыз.
BARBECUE (БАРБЕКЮ) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі және гриль істігі (бар
болса) іске қосылады.
Грильдің жоғарғы және тіке температурасы қабаттың
жоғарғы температурасын қажет ететін тағамдар үшін
ұсынылады. Бұл режим пайдаланылғанда пештің
есігі әрдайым жабық тұруы қажет.
GRATIN (ГРАТИН) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі, сондай-ақ, желдеткіш
және гриль істігі (бар болса) іске қосылады. Осы
мүмкіндіктердің жиыны пештегі ауаның күшейтілген
айналымы арқылы қыздыру элементтерінің бір
бағытқа жылылық бөлуінің тиімділігін арттырады.
Бұл тағамды күйіп кетуден сақтауға көмектеседі
және жылудың тағамның ішкі жағына енуіне
мүмкіндік береді. Бұл режим пайдаланылғанда
пештің есігі әрдайым жабық тұруы қажет.
BAKING (ПІСІРУ) режимі
Артқы қыздыру элементі мен желдеткіш іске
қосылады да, жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі
біркелкі түрде таралуын қамтамасыз етеді. Бұл
режим температураға сезімтал болатын және
көтерілуді қажет ететін торт сияқты тағамдарды
және ұннан жасалған бәліштерді үш тартпада бірдей
жасауға арналған.
Гриль істігі (тек белгілі модельдерде қолданылады)
1. Тұтқалы табаны бірінші позицияға
орналастырыңыз.
2. Гриль тірегін үшінші позицияға орналастырып,
істікті пештің артқы қабырғасындағы тесікке кіргізіңіз.
3.
немесе
режимдерін таңдау үшін тұтқаны
пайдаланып гриль функциясын қосыңыз.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
тартпаларды бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Шамадан тыс жылу
температураға сезімтал тағамдарды күйдіріп жіберуі
мүмкін.
! БАРБЕКЮ және ГРАТИН режимдерінде тағамның
қалдықтарын (май сияқты) жинау үшін тұтқалы
табаны бірінші позицияға орналастырыңыз.
КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
• Молырақ жылуды талап ететін тағамды екінші
позициядағы тартпаға салып, екінші және төртінші
позицияларды қолданыңыз.
• Тұтқалы табаны астыңғы жаққа, ал тартпаны
үстіңгі жаққа орнатыңыз.
БАРБЕКЮ
• Тартпаны 3 немесе 4-позицияға орналастырыңыз.
Тағамды тартпаның ортасына салыңыз.
• Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату
ұсынылады. Үстіңгі қыздыру элементі термостат
арқылы реттеледі және тұрақты күйде қосылып
тұрмауы мүмкін.
Гриль істігін іске қосу
үшін (сызбаны қараңыз)
төмендегі әрекеттерді
орындаңыз:
61
KZ