3M Peltor G3000 Manual Del Usuario página 69

Ocultar thumbs Ver también para Peltor G3000:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 19
Екі рет белгіленген үшбұрыш белгісі дулығаның күнделікті
жұмысқа жарамды екендігін білдіреді. Дулыға номиналды
төмен кернеу деңгейіндегі қондырғыларды қолданғанда
электро оқшаулауды қамтамасыз етеді. Номиналды төмен
кернеу деңгейі 2 үшбұрыш белгісінің жанында көрсетілген.
Дулыға EN50365:2002 талаптарына сəйкес келеді, 0 классы
төмен кернеудегі қондырғыларда, 1000 ауыспалы токтың
номиналды көрсетіліміне дейінгі деңгейде қолдануға
жарамды етеді. Электрооқшаулайтын дулыға бір өзі ғана
қолданылмауы тиіс. Жұмыс тағы қауіпті жағдайларды алдын
алу үшін басқа оқшаулайтын құрылғыларды қолдану керек.
Қолданушы дулығаның электрикалық шегі қолданылып
жүрген кернеу көрсетіліміне сəйкес келетіндігін тексеруі тиіс.
Оқшаулағыш дулығаны оның оқшаулау қасиетін төмендету
қауіпі бар жағдайларда қолданылмауы тиіс. Тозу, дұрыс
тазаламау жəне нұсқауда көрсетілген жағдайларға сəйкес
қолданбау бұл өнімнің тиімділігін нашарлатады. Егер дулыға
қолданылмаған жағдайда оны 20±15 °C деңгейінде сақтау
керек Егер дулыға кірленсе немесе ластанса, əсіресе
сыртқы жағы, ол төмендегі нұсқауға сəйкес тазалануы тиіс.
Осы бұйымдар Еуропалық Қауымдастықтың 89/686/ЕЕС
Директивасы (Жеке қорғану құралдары бойынша Директива)
талаптарына сəйкес келеді, сондықтан СЕ белгісімен
белгіленген. ЕО Типтік сынақтарды жүргізу нұсқауларының
10-бабы мен ЕО Сапаны бақылау сынақтарын жүргізу
нұсқауларының 11-бабына сəйкес куəліктерді берген -
Швеция ұлттық сынақтар жəне зерттеу институты, SP, Box
857, SE-501 15 Борас, Швеция (Хабарланатын орган нөмірі
— 0402).
/ EN50365:2002 сəйкес электрооқшаулау
{ Өндірілген күні
? Нұсқауларды қараныз
^ Абайлаңыз!
] Температура диапазоны
, Ең жоғары салыстырмалы ылғалдылық
Материалы: УК сəулелерге төзімді ABS
Дулығаны, басқа тағылатын бауды жəне ішкі таспаны
тұрақты түрде жуу құралының жұмсақ ерітіндісімен жылы
суда тазалаған жөн.
^ Қорғаныш дулығаны күн сəулесі тура түсетін жерде
немесе жоғары температураларда сақтамаңыз.
Пайдаланбаған кезде, материал ескірмеу үшін, салқын,
қараңғы жерде сақтаған жөн. Бұйымның ерекше қаптамасы
Еуропа Одағында тасымалдауға жарамды.
Стандартты аспа (3-сурет)
G2C - Пластик ішкі таспа (HYG3)
G2D - Былғары ішкі таспа (HYG4)
Тісті аспа (4-сурет)
G2N - Пластик ішкі таспа (HYG3)
G2M - Былғары ішкі таспа (HYG4)
Жаңбыр қалқаны (5-сурет)
Қызғылт сары GR3C
Қызғылт сары/тері GR3D
Сары GR3C GU
Қорғаныш құлаққаптар (6-сурет)
Тиісті өнімнің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз
Күнқағарлар мен Mesh күнқағарлары (7-сурет)
Иек бауы GH1 (8-сурет)
Иек бауы GH4 (9-сурет)
P3E күнқағарының қосымша құралы (10-сурет)
Күнқағар тығыздағышы (11-сурет)
Қызғылт сары GR2B
Сары GR2B GU
Дулығамен бірге басқа қорғаныш жабдықты қолданған кезде,
дулыға жүйесіне кіретін барлық құрамдастар жүйедегі əрбір
жеке құрамдасқа қолданылатын арнайы қолайлылық жəне
ыңғайлылық талаптарын бұзбастан бірге қиюластырылуы
қажет.
Қорғаныш құлаққап үшін жеткілікті орын болуы жəне оның
құлаққа сəйкес келу үшін қолайлы етіп дұрыстау мүмкіндігінің
болуы аса маңызды. Басқаша айтқанда, дулығаның өзі тым
төмен созылып тұрмауы тиіс немесе қорғаныш құлаққаптар
сыятындай ойықтар болуы тиіс. Дулыға мен күнқағар да
бірге қолданылғанда, бетке дейінгі қашықтық, көру фокусы,
тығыздау, т.б. қатысты дұрыс жұмыс атқаруы керек.
3M™ дулығасына қоса қорғаныш құлаққаптар, күнқағарлар
жəне байланыс жүйелері сияқты басқа 3M™ жабдықтарын
қолдануға болады. Бұл дулығамен тек EN 352-3
стандартының талаптарына сəйкес келетін қорғаныш
құлаққаптарды қолдануға болады.
67

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido