Bosch GCM 12 SDE Professional Manual Original página 295

Ocultar thumbs Ver también para GCM 12 SDE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 57
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышы 0° реттеңіз
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (20) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (24) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеріңіз (U1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 90° реттеп, оны аралау үстеліне
(20) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (49) жатуы керек.
Реттеу (U2 суретін қараңыз)
– Қыспа иінтіректі (8) босатыңыз.
– Тіректі (45) толығымен артқа жылжытыңыз.
– Тіреуіш бұранданың (64) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (8) қайта тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (64) контргайкасын
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер (44) және (5) бұрыш индикаторлары реттегеннен
кейін шкаланың (4) 0° белгілерімен бір сызықта тұрмаса,
бұрыш индикаторының бекіткіш бұрандасын крест
ойықты бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0°
белгілерінің бойымен туралаңыз.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышын 45° (солда)
реттеңіз
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (20) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз.
Иінтірек (24) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
– Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (2) алып
тастаңыз.
– Сол жақ тіректі (3) 45° стандартты еңіс бұрышы
көрсеткі белгісінде тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (8) босатыңыз.
– Манипуляторды, тұтқасынан (13) ұстап, тіреуіш
бұранда (65) тіректе (3) жатқанша, солға қайырыңыз.
Тексеріңіз (V1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 45° реттеп, оны аралау үстеліне
(20) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (49) жатуы керек.
Реттеу (V2 суретін қараңыз)
– Тіреуіш бұранданың (65) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы (65) бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (8) қайтадан мықтап тартыңыз.
Bosch Power Tools
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (65) контргайкасын
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер (44) және (5) бұрыш индикаторлары реттеу
жасалғаннан кейін шкаланың (4) 45° белгілерімен бір
сызықта тұрмаса, алдымен бір рет тік еңіс бұрышының 0°
реттеуін және бұрыш индикаторын тексеріп шығыңыз.
Содан кейін тік 45° еңіс бұрышының реттеуін тексеріп
шығыңыз.
Стандартты 45° тік еңіс бұрышын (оң жақ) реттеу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (20) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз.
Иінтірек (24) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
– Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (2) алып
тастаңыз.
– (45) тірегін толығымен алға тартыңыз.
– Оң жақ тіректі (3) 45° стандартты еңіс бұрышы
көрсеткі белгісінде тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (8) босатыңыз.
– Манипуляторды, тұтқасынан (13) ұстап, тіреуіш
бұранда (66) тіректе (3) жатқанша, солға қайырыңыз.
Тексеріңіз (W1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 135° реттеп, оны аралау
үстеліне (20) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (49) жатуы керек.
Реттеу (W2 суретін қараңыз)
– Тіреуіш бұранданың (66) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы (66) бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (8) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (66) контргайкасын
қайтадан мықтап тартыңыз.
Егер (44) және (5) бұрыш индикаторлары реттеу
жасалғаннан кейін шкаланың (4) 45° белгілерімен бір
сызықта тұрмаса, алдымен бір рет тік еңіс бұрышының 0°
реттеуін және бұрыш индикаторын тексеріп шығыңыз.
Содан кейін тік 45° еңіс бұрышының реттеуін қайтадан
реттеп шығыңыз.
Горизонталды еңіс бұрышының шкаласын бағыттау
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (20) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (24) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеріңіз (X1 суретін қараңыз)
– Бұрышты калибрді 90° реттеп тіреуіш планка (1) мен
аралау дискісі (49) арасында аралау үстеліне (20)
орнатыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (49) жатуы керек.
Реттеу (X2 суретін қараңыз)
– Барлық төрт реттеу бұрандасын (67) алты қырлы
дөңбек кілтпен (4 мм) (39) аралау үстелін (20)
Қазақ | 295
1 609 92A 6SN | (12.07.2021)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido