Лазерді Реттеу - Bosch GCM 12 SDE Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GCM 12 SDE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 57
294 | Қазақ
Ішпектерді алмастыру (S суретін қараңыз)
Қызыл ішпектер (21) электр құралды ұзақ
пайдаланғаннан соң тозуы мүмкін.
Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– (57) бұрандаларын алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм)
(39) бұрап шығарып, ескі ішпектерді шешіңіз.
– Жаңа оң ішпекті салыңыз.
– Ішпекті (57) бұрандаларымен оң жағында бұрап
қойыңыз, ара дискісі мүмкін әрекетінің бүтін жолында
ішпекке тимейтін болуы керек.
– Жұмыс басқыштарын бірдей жаңа сол ішпек үшін де
қайталаңыз.
Лазерді реттеу
Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын
ток көзіне жалғау керек.
Лазерді реттеген кезде (мысалы, манипуляторды
u
жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты
пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске
қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (20) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз.
Иінтірек (24) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Тексеру (T1 суретін қараңыз)
– Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (13) баяу төмен қарай
бағыттаңыз.
– Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен
бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
– Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу
қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
– Дайындаманы қысып қойыңыз.
– Лазер сәулесін қосқышпен (34) қосыңыз.
Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік
сызығының бүкіл ұзындығы бойынша дайындама үстінде
орналасуы керек.
Түзулігін реттеу (T2 суретін қараңыз)
1. Оң жақ лазер сәулесін реттеу:
– Реттегіш бұранданы (58) алты қырлы дөңбек кілтпен
(59) оң жақ лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша
сызылған кесік сызығына параллель болғанша
бұраңыз.
Сонда сол жақ лазер сәулесі да жылжиды.
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін
сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір
айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
2. Сол жақ лазер сәулесін реттеу:
– Реттегіш бұранданы (60) алты қырлы дөңбек кілтпен
((59) сол жақ лазер сәулесі дайындамадағы сызылған
кесік сызығынан оң жақ лазер сәулесімен бірдей
аралықта болғанша бұраңыз.
1 609 92A 6SN | (12.07.2021)
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін
сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір
айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
Параллельдігін реттеу (T3 суретін қараңыз)
– Лазерден қорғаныш қалпақшаның (15) төрт
бұрандасын (61) крест ойықты бұрауышпен алып
тастаңыз.
Нұсқау: лазерден қорғаныш қалпақшаның алдыңғы
бұрандаларына қол жеткізу үшін маятниктік қорғаныш
қаптаманы (16) артқа қайыру керек.
– Лазерден қорғаныш қалпақшаны (15) алып тастаңыз.
– Бекіткіш бұранданы (62) (шамамен 1–2 айналым)
алты қырлы дөңбек кілтпен (59) босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
– Лазер монтаждық тақтасын лазер сәулелері бүкіл
ұзындығы бойынша дайындамадағы сызылған кесік
сызығымен параллель болғанша оңға немесе солға
жылжытыңыз.
– Лазер монтаждық тақтасын осы күйде ұстай отырып,
бекіткіш бұранданы (62) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Реттегеннен кейін кесік сызығының түзулігін қайтадан
тексеріп шығыңыз. Қажет болса, лазер сызықтарын
(58)/(60) реттегіш бұрандаларымен қайтадан
туралаңыз.
– Лазерден қорғаныш қалпақшаны (15) қайтадан
бекітіңіз.
Манипуляторды жылжыту кезіндегі бүйірлік
ауытқуды реттеу (T4 суретін қараңыз)
– Лазерден қорғаныш қалпақшаның (15) төрт
бұрандасын (61) крест ойықты бұрауышпен алып
тастаңыз.
Нұсқау: лазерден қорғаныш қалпақшаның алдыңғы
бұрандаларына қол жеткізу үшін маятниктік қорғаныш
қаптаманы (16) артқа қайыру керек.
– Екі бекіткіш бұранданы (63) (шамамен 1–2 айналым)
алты қырлы дөңбек кілтпен (59) босатыңыз.
Бұрандаларды толық шығармаңыз.
– Лазер корпусын, лазер сызықтары манипуляторды
артқа жылжытқан кезде бүйірге ығыспағанша, оңға
немесе солға жылжытыңыз.
– Реттегеннен кейін кесік сызығының түзулігін қайтадан
тексеріп шығыңыз. Қажет болса, лазер сызықтарын
(58)/(60) реттегіш бұрандаларымен қайтадан
туралаңыз.
– Лазердің корпусын осы күйде ұстай отырып, бекіткіш
бұрандаларды (63) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Лазерден қорғаныш қалпақшаны (15) қайтадан
бекітіңіз.
Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido